Unico Play-дің Shabyt Lab-ы —ментор қатысатын еліміздегі тұңғыш сценарийлер питчингі – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жұма, Маусым 6, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Unico Play-дің Shabyt Lab-ы —ментор қатысатын еліміздегі тұңғыш сценарийлер питчингі

26.05.2025
0
Unico Play-дің Shabyt Lab-ы —ментор қатысатын еліміздегі тұңғыш сценарийлер питчингі

Unico Play онлайн-кинотеатры Shabyt Lab атты жаңа форматтағы сценарийлер питчингі жобасын іске қосады. Бұл — қысқаметражды фильмдерге арналған байқау ғана емес, қатысушылардың идеядан бастап дайын фильмге дейінгі жолды тәжірибелі ментормен бірге өтетін шығармашылық зертхана.

Жобаның басты ерекшелігі — кәсіби режиссерлер, продюсерлер мен операторлардың жас авторлармен бірлесіп жұмыс істеуі. Олар өз тәжірибесімен бөлісіп, жаңа есімдерге қолдау көрсетеді. Менторлар қатарында: Анара Жунусова (CEO Uni-Q, продюсер; “Малай”, “Приговор”, “Чёрный двор”), Адильхан Ержанов (режиссер, сценарист; “Чёрный, чёрный человек”, “Голиаф”, “Дала қасқыры”), Қуаныш Бейсек (режиссер, продюсер; “Дәстүр”), Айжан Қасымбек (режиссер, сценарист; “Мадина”, “От”), Айтөре Жолдасқали (режиссер; “Sheker”, “SHULAMAH”), Еркебулан Куришбаев (Qara студиясының бас продюсері; “OYU”, “Қаш”, “Зере”), Еркинбек Птыралиев (кинооператор; “Жёлтая кошка”, “Дала қасқыры”, “Кадет”) және Дархан Тулегенов (режиссер, сценарист; “Братья”, “Sheker. Последний шанс”).

Әр ментор өзіне ұнаған бір сценарийді таңдайды. Сол сәттен бастап шығармашылық серіктестік басталады. Қатысушылар сценарий жазудан бастап түсірілім мен монтажға дейінгі бүкіл процесті менторлармен және Unico Play шығармашылық тобымен бірге өтеді. Сондай-ақ жоба аясында кино саласының түрлі бағыттары бойынша: сценарийден бастап фильмді экранға шығару тақырыптарын қамтитын мастер-класстар өтеді. Бұл кездесулер бір Shabyt Lab-тың серіктесі Sham шығармашылық мектебінің алаңында ұйымдастырылады.

Өтінімдер 2025 жылдың 30 мамыры мен 15 шілдесі аралығында shabytlab.unicoplay.com сайтында қабылданады. Байқауға 16 жастан асқан Қазақстан азаматтары қатыса алады. Кино саласында тәжірибе міндетті емес — нақты идея, 5–12 минуттық сценарий және шынайы ынта жеткілікті. Туындылар кейіпкерлер саны аз, локациялар қолжетімді, түсірілім 1–3 күнде жүзеге асуы тиіс. Сценарийлер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қабылданады.

Жоба желтоқсанда қатысушылар түсірген фильмдердің жабық көрсетілімімен аяқталады. Ең үздік жұмыстар халықаралық кинофестивальдерге қатысу мүмкіндігіне ие болады.

«Shabyt Lab — бұл жай ғана байқау емес. Бұл — тәжірибе мен шабыттың тоғысатын орны. Бұл жобаны қолға алуымның себебі — индустрияда бірігудің, қолдаудың маңызы зор екеніне сенемін. Біз бұл жобаны жаңа есімдерге жол ашу үшін жасап отырмыз. Индустрия дамуы үшін дарындарға мүмкіндіктер жасауымыз керек», — дейді Uni-Q компаниясының СEO-сы Анара Жунусова.

«Анар ментор болуды ұсынғанда, бұл ұсынысты қабылдамасқа болмайтынын түсіндім. Дебютантпен бірге идеядан дайын фильмге дейінгі жолдан өту қызық тәжірибе. Бұл өзім үшін де продюсер ретінде бір сынақ. Біз киноға шынымен ғашық, тың идеясы бар авторларды табамыз деп ойлаймын», — дейді Адильхан Ержанов.

«Мен қатысушылардан ерекше көзқарас күтемін. Кейде солардың энергиясынан өзің де шабыт аласың. Егер біреудің жолы осы жобамен басталса — бұл ең жақсы нәтиже», — дейді Қуаныш Бейсек.

«Жоба туралы алғаш білгенде, ойыма келгені — қатысушылардың жолы болды! Өйткені мен өзім кезінде бәрін жалғыз істедім. Қазір сол тәжірибені бөлісуге дайынмын. Батыл, жарқын, идеясына шын сенетін режиссерлерді күтемін», — дейді Айжан Қасымбек.

«Shabyt Lab — бұл жаңа есімдерді ашатын нақты мүмкіндік. Мен шынайы әрі көпшілікке түсінікті кино түсіргісі келетін жас мамандармен жұмыс істегім келеді, мелодрама жанрындағы фильм түсіргім келеді. Бұл жобаның басты артықшылығы — жалғыз жүргенде көп уақыт алатын жолды қысқарта алатынында», — дейді Еркебулан Куришбаев.

Shabyt Lab — кино әлеміне алғашқы нақты қадамыңызды сенімді ортада, тәжірибелі мамандармен бірге бастауға арналған мүмкіндік.

Жаңалықтар мен барлық жаңартуларды shabytlab.unicoplay.com сайтынан оқып отырыңыз.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Кенесары хан ескерткіші қайта орнатылды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Бұл чемпионат – елдегі көркем гимнастиканың басты іріктеу додасы

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.