Елордада заңсыз салынған тұрғын үй кешені бұзылып жатыр – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Маусым 9, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Елордада заңсыз салынған тұрғын үй кешені бұзылып жатыр

05.06.2025
0
Елордада заңсыз салынған тұрғын үй кешені бұзылып жатыр

Астананың Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы қалалық прокуратураның үйлестіруімен бірлесіп, елорда аумағында көппәтерлі тұрғын үй кешендерінің өз бетінше салыну фактілерін анықтау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қазіргі уақытта басқарма мен Нұра ауданының әкімдігі бірлесіп, «Mardan» тұрғын үй кешенінің (құрылысты жүргізуші – «Asyl-Nur Qurylys» ЖШС) құрылысы бойынша заң бұзушылықты анықтады. Тексеру нәтижесінде құрылыс-монтаж жұмысы Қазақстан Республикасының «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңына сәйкес қажетті рұқсат құжаттарынсыз басталғаны белгілі болды.

Құрылыс салушыға қатысты әкімшілік шаралар қолданылып, анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Алайда бұл талап орындалмағандықтан, сот құрылыс салушыны өз бетінше салынған нысанды бұзуға міндеттеді. Заңды күшіне енген сот шешімін орындау аясында Астана қаласы әділет департаменті нысанды мәжбүрлеп бұзу жұмысын жүргізіп жатыр.
Осыған дейін осындай жолмен «Inter Stroy Astana» ЖШС салған «QURMANGAZY» тұрғын үй кешені де заңсыз салынғаны үшін бұзылған болатын.

Айта кетейік, «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ жасанды интеллект негізіндегі (AI-чат-бот) үлескерлерді қолдау бойынша онлайн-орталықты іске қосты. Чат-бот тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері бойынша азаматтарға кеңес береді.

Пайдаланушылар құрылыс салушының атауын, БСН немесе тұрғын үй кешенінің атауын енгізу арқылы өзекті ақпарат ала алады: https://homeportal.kz/.

 

 

 

 

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

«Эйкос» зауытының жұмысы өңір үшін маңызды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Маңғыстаулық оқушы минутына 17 мың сөз оқиды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.