Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтар

Президент Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылық құрамымен жиын өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетіне барып, жедел-техникалық бөлімшелердің жұмысымен танысты.

Мемлекет басшысына киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету, жасанды интеллект технологияларын пайдалану мүмкіндіктері, үкіметтік және қызметтік байланысты дамыту жобалары көрсетілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев баяндамаларды тыңдап, ақпараттық қауіпсіздікке төнетін қатерді тойтару және еліміздің маңызды инфрақұрылымының тұрақты жұмыс істеуіне жағдай жасаудың маңызын атап өтті.

Жиын соңында Президент аталған бағыттағы іс-қимылды жетілдіру бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Ұқсас жаңалықтар

Жолдауда жүзге жуық түрлі бастамалар, ұстыныстар және тапсырмалар бар

admin_altyalash

Қазақстанның барлық автожолдарында мобильді байланыс пайда болады

admin_altyalash

Атбасар қаласы – үлкен тарихы бар теміржол торабы

admin_altyalash