Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Новости

Рельстің 11 шақырымы төселіп, бетонмен нығайтылды

Астанада жеңіл рельсті көлік жобасын іске асыру жұмыстары жалғасып жатыр. Бүгінгі күні рельстің 11 шақырымы төселіп, бетонмен нығайтылды, бұл желінің эстакадалық бөлігінің жалпы ұзындығының 50% құрайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты CTS компаниясына сілтеме жасап.

Шпал төсеу және рельс монтаждау жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес барлық учаскеде жүргізіліп жатыр. Құрылыс жұмысы негізгі нысандардың – «Нұрлы жол» теміржол вокзалының, Халықаралық әуежайдың, Министрліктер үйінің және Республикалық бас мешіттің маңында жалғасып жатыр.
Қазіргі уақытта барлық құрылыс және инженерлік жұмыс қалыпты режимде атқарылып жатыр.

Сонымен қатар, станциялар инфрақұрылымы мен электрмен жабдықтау жүйелерін дайындау жұмысы жүріп жатыр.
Астанадағы жеңіл рельсті көлікті сынақтық іске қосу 2025 жылдың қыркүйек айына жоспарланған.

Ұқсас жаңалықтар

Три новые системы питьевого водоснабжения для 22 тыс. жителей 4-х районов Северо-Казахстанской области запустило Министерство водных ресурсов и ирригации

admin_altyalash

Цель реформ – благосостояние казахстанцев и укрепление суверенитета: на КИСИ GPS обсудили итоги 3-х лет реформ Токаева

admin_altyalash

AI разработка ученика 10 класса алматинской школы может решить проблемы городов

admin_altyalash