Жарық сапасын арттыруға бағытталған кешенді жұмыстар жалғасып жатыр – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Бейсенбі, Маусым 12, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Жарық сапасын арттыруға бағытталған кешенді жұмыстар жалғасып жатыр

09.06.2025
0
Жарық сапасын арттыруға бағытталған кешенді жұмыстар жалғасып жатыр

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары барысында Көктөбедегі шолу алаңына барып, қаланың сыртқы жарық беру жүйесін жаңғырту арқылы түнгі көріністің қалай өзгеріп жатқанын көрді. Шаһар басшысына «Алматы Қала Жарық» МКК директоры Игорь Мысик атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспар туралы баяндады.

«Алматы Қала Жарық» МКК мәліметінше, 2025 жылдың алғашқы бес айында Алматыда 13 мыңнан астам шам ауыстырылып, 120 шақырым жарық желісі қалпына келтірілген. 520 сыртқы жарықтандыру басқару шкафы (ШУНО) жаңартылып, бұрын жарық болмаған 21 аумақта жаңа желілер салынған. Бұл жұмыстар қаланың орталығынан шеткі ауданға дейінгі жерлерді қамтиды.

Жыл соңына дейін жоспар бойынша 1200 жаңа жарық желісі салынып, қараңғы аумақтарға 22 мыңнан астам шам орнатылмақ. Бұл учаскелер тұрғындардың өтініші мен мамандар жүргізген тексеріс барысында анықталған.

Сонымен қатар, жарық сапасын арттыруға бағытталған кешенді жұмыстар жалғасып отыр. Атап айтқанда, 70 шақырым жарық желісі жаңартылып, 1100 басқару шкафы ауыстырылып, 70 нысанға сәулеттік жарық орнатылады. Магистральды көшелерге 5000-нан астам энергия үнемдейтін шам қойылады. Бұл жұмыстың нәтижесінде биыл жыл соңына дейін Алматыда жарықтандыру деңгейі 100 пайызға жетуге тиіс.

Шаһар басшысы кешқұрым қаланың түрлі аумағында жүзеге асырылып жатқан жобаларды аралап шықты. Тексеріс барысында Дархан Сатыбалды Абылай хан мен Абай көшелеріндегі жарықтандыру жүйесін көрді. Бұл көшелерде ұзартылған кронштейндер қолданылып жатыр – оған ағаштың жапырағы кедергі келтірмейді, жарық тротуарға толық түседі әрі оның жасыл желекке зияны жоқ.

Панфилов көшесінде әкім «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жүзеге асырылған аула жарығын қарап шықты. Сондай-ақ, 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақтағы заманауи, энергия үнемдейтін шамдар мен Офицерлер үйінің сәулеттік-көркем жарықтандыруын көрді.

Дархан Сатыбалдының айтуынша, жарықтандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуге тиіс. Әсіресе, адамдар кешке балаларымен серуендейтін немесе үйіне қайтатын тұрғын үйлер маңындағы аумақ, тротуар мен саябақ жарық әрі қауіпсіз болуы қажет. Сондай-ақ, Алматы әкімі мектеп, емхана, мәдени нысан мен қоғамдық көлік аялдамасына баратын жолдардың жарығын мұқият пысықтап, қараңғы аумақтарға желі тарту жұмыстарын жеделдетуді тапсырды.

Айта кетейік, бүгінде шаһарда күн сайын 40-тан астам арнайы бригада жұмыс істейді. Олар жаңа желілерді орнатып, ақауларды жояды әрі жабдықтарды жоспарлы түрде ауыстырады. Ауа райы қолайсыз кезде бригада саны көбейіп, шұғыл түрде тұрғындардың өтінішіне құлақ асады.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Жарыстың мақсаты-салауатты өмір салтын қалыптастыру

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«Таза Қазақстан – Таза Астана» байқауы жарияланды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.