Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚоғам

«Тұмар» – 2025 ұлттық телевизиялық сыйлығына өтінім қабылдау уақыты ұзартылды

Фото: istockphoto

«Тұмар» – 2025 ұлттық телевизиялық сыйлығына  өтінім қабылдау уақыты 15 маусымға дейін ұзартылды.

Биылғы бәйгеге 2024 жылғы 13 мамыр мен 2025 жылғы 14 мамыр аралығында қазақстандық телеарналардың эфирінде көрсетілген жобалар қатыса алады. Өтінімдерді республикалық және өңірлік телеарналар, телестудиялар мен кәсіби телевизиялық контент өндіруші компаниялар ұсынуға құқылы.

Өтінімдер келесі номинациялар бойынша қабылданады:

– Ең үздік әлеуметтік тележоба
– Жылдың ең үздік репортажы
– Ең үздік ақпараттық-талдамалық бағдарлама
– Ең үздік журналистік зерттеу
– Жылдың ең үздік телехикаясы
– Ең үздік деректі фильм
– Ең үздік балалар тележобасы
– Ең үздік өңірлік телеарна
– Ең үздік тележурналист
– Ең үздік тележүргізуші
– Ең үздік спорттық комментатор

Өтінімдер tvtumar.kz ресми сайтында қабылданады.

Ұқсас жаңалықтар

«Оны құлатқан бірінші адам боламын». Шавкат Рахмонов жаңа жекпе-жек өткізуге келісті

admin_altyalash

Ы.ЖАҚАЕВТЫҢ 130 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ АУЫР АТЛЕТИКАДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ТУРНИР ӨТТІ

admin_altyalash

2026 жылдың басынан бастап қысқа мерзімді кәсіптік оқумен 22 мыңнан астам адам қамтылды

admin_altyalash