Қостанай облысының нәтижелері өңірлік тиімді модельдерге сүйенудің нәтижелі екенін көрсетіп отыр – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Маусым 15, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Қостанай облысының нәтижелері өңірлік тиімді модельдерге сүйенудің нәтижелі екенін көрсетіп отыр

11.06.2025
0
Қостанай облысының нәтижелері өңірлік тиімді модельдерге сүйенудің нәтижелі екенін көрсетіп отыр

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров жұмыс сапары аясында Қостанай облысында сүтті мал шаруашылығын дамытуға бағытталған Солтүстік Қазақстан облысының (СҚО) тәжірибесін тарату бағдарламасының жүзеге асу барысымен танысты.

Бағдарлама 2023 жылы басталып, өңірлік тиімді тәжірибелерді елдің басқа облыстарына кең көлемде енгізуді көздейді. 2023 жылы 65 сүт-тауарлы ферманың құрылысын қаржыландыру үшін 100 млрд теңге бөлінді, оның ішінде Қостанай облысындағы алты жобаға 15 млрд теңге қарастырылған. Қазіргі уақытта бұл жобалардың үшеуі пайдалануға берілді, ал қалған үшеуі аяқталу сатысында.

Өңірдегі бағдарламаның негізгі нысандарының бірі – «Восток-1» ЖШС. Бұл – 1200 басқа арналған алғашқы ірі сүт фермасы. Нысан 2024 жылдың желтоқсанында іске қосылып, 2025 жылдың басында-ақ тауарлы сүт өндіру басталды. Қазіргі уақытта СТФ-ын кеңейту жұмыстары жүргізілуде: толық қуаттылыққа шыққаннан кейін кәсіпорын тәулігіне 30 тоннаға дейін сүт өндіре алады. Компания мал шаруашылығымен қатар егіншілікпен, тұқым шаруашылығымен және асылдандыру жұмыстарымен де айналысады.

Ферма алаңында министр жергілікті ауыл шаруашылығы өндірушілерімен аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады.

«S-Agro-Borovskoe» ЖШС басшысы Мейрам Ахметжанов бие сүтін терең өңдеу саласындағы инновациялық жобаны таныстырды. Каменскуральск ауылында оның компаниясы немістің Zollmann Stutenmilch компаниясымен бірлесіп, саумалды –40°C температурада сублимациялық әдіспен кептіру арқылы құрғақ өнім өндіретін бірегей өндірісті іске қосты. Зауыттың өндірістік қуаттылығы – тәулігіне 110 кг. 2025 жылдың қаңтар–мамыр айларында 3,5 тонна өнім өндіріліп, Астана, Алматы, Қостанай қалаларына және Ресей Федерациясының қалаларына жөнелтілді. Қазіргі уақытта өнімді ҚХР-на экспорттаушылар тізіміне енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде. Жылдық өндіріс көлемі – 12 тонна, алдағы уақытта 20 тоннаға дейін ұлғайту жоспарлануда.

Биыл 1200 басқа арналған тағы бір СТФ іске қосылады. Мемлекеттік қолдау аясында инфрақұрылым тарту жұмыстары жүргізілуде — ұзындығы 10 км болатын жол құрылысы қолға алынған.

«Біз Үкімет тарапынан нақты қолдауды сезініп отырмыз. Мемлекеттік қолдау тетіктері бізге тек ағымдағы жобаларды жүзеге асыруға ғана емес, сонымен қатар қызметімізді кеңейтуге, жаңа бағыттарды игеруге мүмкіндік беруде. Атап айтқанда, біз сүтті, дәнді дақылдарды өңдеуді, сүт өнімдерін өндіруді жолға қоюды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ саумал негізінде косметикалық өнімдер — крем, сусабын, сабын және басқа да тауарлар өндірісін іске қосуды көздеп отырмыз», — деді Мейрам Ахметжанов.

«ЖК Ленинское» ЖШС директоры Анатолий Злой мал шаруашылығы кешенін жаңғырту және мал басын 30 мың басқа дейін ұлғайту жобасы туралы айтып берді.

«Бүгінде ауыл шаруашылығы өндірушілерінде барлық қажетті қолдау құралдары бар — субсидиядан бастап жеңілдетілген несиелер мен мемлекеттік бағдарламаларға дейін. Бұл бізге өндірісті сенімді түрде дамытуға мүмкіндік беруде. Біз қазірдің өзінде 12 мың басқа жеттік және оны 30 мыңға дейін арттырмақпыз. Біздің өнім Қырғызстан мен Ресейге экспортталады, Қытай нарығына шығу бағытында жұмыс жүргізілуде», — деп мәлімдеді Анатолий Злой.

Кездесу барысында қатысушылар агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бойынша бірқатар ұсыныстарын білдірді. Барлық ұсыныстар мұқият талданып, жұмысқа алынады.

Нысандарды аралау қорытындысы бойынша Айдарбек Сапаров аталған бағдарламаның өңірде тұрақты қарқынмен жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

«Қостанай облысының нәтижелері өңірлік тиімді модельдерге сүйенудің нәтижелі екенін көрсетіп отыр. Жүйелі қолдаудың арқасында жаңа өндірістер іске қосылып, өңдеу саласы дамып, шаруашылықтардың тиімділігі артып келеді. Бұл жұмысты жалғастыру қажет», — деді министр.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Көкшетау көрерменінің шынайы ықыласы мен ыстық қошеметі бізге зор шабыт сыйлады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қоғамдық көмекшілер – қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесінің маңызды буыны

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.