Студенттер арасында қолдан жасалған көліктер жарысы өтті – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сәрсенбі, Қыркүйек 3, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Студенттер арасында қолдан жасалған көліктер жарысы өтті

17.06.2025
0
Студенттер арасында қолдан жасалған көліктер жарысы өтті

Жетісу облысының Жыланды ауылында инженерия, робототехника және болашақ технологиялары саласындағы ең жарқын жастар фестивальдерінің бірі «Zhýlandy Fest – 2025» өтті. Бұл шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 200-ден астам дарынды оқушы мен студент қатысты.

Іс-шара үш бағытты қамтыды: Future Race – болашақтың экологиялық жарысы (Жыланды – Төңкеріс бағыты бойынша), Zhýlandy International First Championship халықаралық робототехника турнирі, Open Day университеттер жәрмеңкесі.

Көпшіліктің ерекше қызығушылығын тудырған «Future Race» байқауында мектеп оқушылары мен студенттер құрастырған 9 тәжірибелік электромобиль жарыс жолына шықты. Қатысушылар тек жылдамдық үшін ғана емес, тұрақты көлік пен жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша өз инженерлік шешімдерін көрсету үшін де бақ сынады. Жеңімпаздар көлік жылдамдығы мен жұмсалған энергия көлемі негізінде анықталды.

Future Race жеңімпаздарының қатарында 1-орынды Bulan командасы, Назарбаев Университеті жеңіп алса, 2-орын ALT Alash командасына тиесілі болды, 3-орынды Назарбаев Университетінің BBC командасы иеленді, 4-орын – Shalqar командасы, ҚБТУ, 5-орынға Zhel Zhylandy Engineering Legion командасы, Жыланды ауылындағы лицей-интернат ие болды.

Шара аясында өткен Open Day университеттер жәрмеңкесі аясында еліміздің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындары өздерінің білім беру бағдарламаларын ұсынды. Олардың қатарында SDU Университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы технологиялық университеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, Логистика және көлік академиясы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және басқа да оқу орындары бар.

Фестиваль қонақтары NASA байқауларының жеңімпаздарынан зымыран жасау бойынша шеберлік сабақтарына қатысу мүмкіндігіне ие болды.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Бұл – болашақ ұрпақтың сапалы білім алуына берілген нақты қолдау

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Мәдениет – халықтар мен өркениеттерді жалғайтын алтын көпір

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.