Еліміздің тарихы мен мәдениетіне қатысты деректер анықталды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Маусым 28, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Еліміздің тарихы мен мәдениетіне қатысты деректер анықталды

19.06.2025
0
Еліміздің тарихы мен мәдениетіне қатысты деректер анықталды

ҚР Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары архивінің қызметкерлері Литва Республикасында жүргізген ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында еліміздің тарихы мен мәдениетіне қатысты деректер анықталды.

Анықталған құжаттар қатарында 1975 жылы Вильнюс қаласында өткен Қазақ киносының күндеріне байланысты, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы делегациясының Литваға сапары, Қазақ КСР-нің халық әртісі Нұрмұхан Жантөрин мен Қазақ КСР-нің Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, режиссер Сұлтан Қожықовтың литвалықтармен кездесулері туралы деректі материалдар бар.

Сондай-ақ бұрынғы Көкшетау облысындағы тың игеру жұмыстарына литвалық мамандардың қатысқаны туралы да құнды мәліметтер табылды. Атап айтқанда, олардың мектеп жанындағы лагерьлерде, медицина пункттерінде, құрылыс саласында еңбек еткені және қазақ халқының салт-дәстүрімен танысқаны жөніндегі құнды деректер кездеседі.

Зерттеу жұмыстарын ҚР Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары архиві директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Сәуле Сатаева жүргізіп, Вильнюс, Каунас және Клайпеда қалаларындағы Орталық мемлекеттік архивтерінде болды.

Сапар барысында аймақтық архив басшыларымен кездесулер өтіп, екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Нәтижесінде XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы қазақ және литвалық әйелдердің бейнесіне арналған фотокөрме ұйымдастыру жөнінде келісім жасалды.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Қазақстанда жаңа өндіріс орнын ашу перспективалары талқыланды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Нағыз дәрігер үшін ең жоғары құндылық – халықтың ыстық ықыласы мен алғысына бөлену

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.