Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтарСпорт

Мемлекет басшысы Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенін аралап көрді

Мемлекет басшысы жеке инвестордың қаржысына салынып, биыл пайдалануға берілген көпфункциялы ғимараттың қызметімен танысты.

Елордада орналасқан кешенде түрлі деңгейдегі спорттық іс-шаралар, сондай-ақ халыққа арналған сауықтыру және демалыс бағдарламалары ұйымдастырылады.

Нысан аумағында футзал, волейбол мен баскетбол алаңдары, бокс, дзюдо, қазақ күресі және басқа да спорт түрлерімен шұғылдануға арналған жекпе-жек залдары бар.

Президент бұқаралық спортты дамыту үшін осындай кешендерді көптеп салу қажет екенін айтты. Сондай-ақ жас боксшылармен және футболшылармен әңгімелесіп, олардың келешекте әлем, олимпиада чемпиондары болуына тілектестік білдірді.

– Бұл үшін, ең алдымен, еңбек ету керек, табандылық қажет. Жеңіске тек еңбекқорлық қана жеткізеді, – деді Мемлекет басшысы.

 

 


Ұқсас жаңалықтар

Астана халықаралық форумы 2025: «Connecting Minds, Shaping the Future»

admin_altyalash

Шу ауданында 60 кг марихуана дайындаған шопан ұсталды (ВИДЕО)

admin_altyalash

Арнайы ХҚО-дағы жемқорлық: 60 мың жүргізуші куәлігі заңсыз берілген

admin_altyalash