Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ГлавнаяНовостиОбщество

«Kokshe» телеарнасының шеф-редaкторы БАҚ саласындағы Президент грантының иегері атанды

«Қазақстан» РТРК» АҚ Ақмола облыстық филиалының шеф-редакторы Зарина Бекқали бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Қазақстан Республикасы Президентінің грантына ие болды.

Бұл марапат өңірлік тележурналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін берілді.

Зарина Бекқали Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Журналистика және репортер ісі» мамандығы бойынша үздік тәмамдаған. 2021 жылдан бері «Kokshe» телеарнасында қызмет етеді. Қысқа уақыт ішінде кәсіби біліктілігімен және шығармашылық қабілетімен көзге түсті.

Ол — Ақмола облысы әкімінің «Арқа төрі – Ақмола» премиясының «Үздік репортаж» аталымы бойынша жеңімпазы әрі «Қазақстан» РТРК» АҚ басқармасы төрағасының Құрмет грамотасының иегері.

Ұқсас жаңалықтар

Ерлан Карин: новые Конституционные законы направлены на выстраивание правовой основы дальнейшей политической модернизации

admin_altyalash

Культура участия как выбор:  диалог с Клубами молодых избирателей

admin_altyalash

Касательно обращения работников

admin_altyalash