Астанадағы Амфитеатрда Гала-концерт өтті – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Тамыз 19, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Астанадағы Амфитеатрда Гала-концерт өтті

30.06.2025
0
Астанадағы Амфитеатрда Гала-концерт өтті

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы 64-ші концерттік маусымын сәтті аяқтап, көрермен назарына «GRAND FEST» музыкалық фестивалі аясында бірқатар концерттік бағдарламалар ұсынды.

29 маусым күні Астанадағы Амфитеатрда Гала-концерт өтті. Бұл кеште отандық эстрада жұлдыздары, танымал сахна шеберлері мен жас таланттар бас қосты.
Концерттік бағдарламада танымал композициялар, заманауи аранжировкалар, оркестрлік сүйемелдеу және ашық аспан астындағы мерекелік атмосфера ұсынылды. Іс-шараға «Қазақконцерттің» танымал солистері мен шығармашылық ұжымдары қатысты.

Атап айтсақ, Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Нұрлан Өнербаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары, Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі, «Гүлдер» және «Бірлік»ансамбльдері, «TURAN» этно-фольклорлық ансамблі, «SAZ&SOUL» тобы және «Astana Musical» мемлекеттік театры өнер көрсетті.

Айта кетейік, ұжым 64-ші концерттік маусым аясында 82 концерт, 3 ірі шығармашылық жоба және көптеген мемлекеттік маңызы бар іс-шараларды ұйымдастырды. «Роза Бағланова» атындағы халықаралық вокалдық конкурсы, «Серпер» ұлттық өнер конкурсы және «Менің Қазақстаным» атты Шәмші Қалдаяқов әндерінің халықаралық фестивалі жүзеге асырылды.

Сонымен қатар, ұйым әртістері қазақ өнерін әлемге таныстыру мақсатында Франция, Ұлыбритания, Италия, Канада, Түркия, Испания, Чехия, Болгария, Беларусь, Мажарстан, БАӘ, Тәжікстан, Ресей Федерациясы, Түркіменстан, Грузия, Армения, Латвия және Әзербайжан секілді 22 шет мемлекетке гастрольдік сапармен барды.

«Қазақконцерт» 17 республикалық гастрольдік сапар барысында еліміздің түкпір-түкпірін аралап, ұлттық мәдениетті кеңінен дәріптеуге ықпал етті.

Сондай-ақ, «Қазақконцерт» әртістері мен шығармашылық ұжымдары «Қазақстанның халық әртісі», «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», «Ерен еңбегі үшін», «Барыс» ордені сынды 12 мемлекеттік марапатқа ие болды. Сонымен қатар әртістер «Қазақстан халқы ассамблеясына 30 жыл» төсбелгісімен марапатталды. Бұған қоса «Dala dauysy» және Америка, Ресей, Грузия мемлекеттерінде өткен 7 республикалық және халықаралық байқауларда жүлделі орындарға қол жеткізді.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Шығыс Қазақстан облысындағы жылу желілерін жылыту маусымына дайындауға Үкімет резервінен 2,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.