Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
НовостиЭкономика

Шығыс Қазақстан облысындағы жылу желілерін жылыту маусымына дайындауға Үкімет резервінен 2,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Үкімет резервінен Шығыс Қазақстан облысындағы жылу желілерін жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге 2,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды.

Құжатқа сәйкес қаражат Риддер қаласы мен Қ. Қайсенов кентінің жылу желілерінде жөндеу жұмыстарын аяқтауға бағытталады. Бөлінген қаржының негізгі бөлігін Риддер қаласының жылу желілерінің ең қатты тозған 5,9 шақырым учаскесін күрделі жөндеуге жұмсау жоспарланып отыр.

Ұлан ауданы Қ. Қайсенов кентінде ұзындығы 9 шақырым жылу желілерін реконструкциялаудың екінші кезегін аяқтауға 113 млн теңге бағыттау жоспарланған.

Жалпы Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде жылу желілері 30 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылып келеді. Осы кезеңде оларға күрделі реконструкция жасалған жоқ. Тозу деңгейі орта есеппен 55%-дан, ал жекелеген елді мекендерде 75%-дан асады.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың мамыр айында ҚР Үкіметінің резервінен екі қазандық агрегатын жөндеуге, №5 редукциялық-салқындату қондырғысының технологиялық үдерістерін басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізуге, сондай-ақ Риддер қаласының ЖЭО-ның ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз ететін электротехникалық жабдықтың бір бөлігін ауыстыруға шамамен 1,7 млрд теңге бөлінді.

Соңғы екі жылда қалада жөндеу жұмыстары төтенше жағдай кезінде, ЖЭО-ны тезірек іске қосу және жылу желілерін жөндеу қажеттілігіне байланысты жүргізілді. Жедел әрекет етудің арқасында екі жыл ішінде тозу 82%-дан 66,8%-ға дейін төмендеді.

Ұқсас жаңалықтар

День работников культуры и искусства отметили в Коксуской районной библиотеке

admin_altyalash

Британия может заблокировать X из-за ИИ-контента

admin_altyalash

Международный Форум Астана 2025: «Connecting Minds, Shaping the Future»

admin_altyalash