Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарҒылым-БілімЖаңалықтар

Қазақстандық оқушылар халықаралық физика олимпиадасында әлем чемпионы атанды

Қазақстандық оқушылар Халықаралық ғылыми физика олимпиадасында (ISPhO-2025) жалпыкомандалық есепте 1-орынды жеңіп алды. Ел құрамасының қоржынында 4 күміс, 1 қола медаль бар.

Ресейдің Ханты-Мансийск қаласында 29 маусым мен 8 шілде аралығында өткен халықаралық білім додасына әлемнің 21 елінен оқушылар қатысқан болатын.

Олимпиада екі негізгі кезеңнен тұрды: теориялық және эксперименттік кезеңдер. Әр қатысушы жеке есепте екі бағыт бойынша бағаланды. Қорытындысында 5 оқушымыз елге 10 марапатпен оралды.

Күміс медаль иегерлері:
Роман Черемнов – Алматы қаласы «Мирас» мектебінің 11-сынып оқушысы;
Таир Әбдіқадыр –Қостанай облыстық «Білім-инновация» лицейінің 10-сынып оқушысы;
Альтаир Аканов – Астана қаласындағы РФММ-нің 11-сынып оқушысы;
Илияс Қазымбек – Алматы қаласындағы РФММ-нің 10-сынып оқушысы.

Қола медаль иегері:
Даниэль Тюлюбаев –Астана қаласы «NURORDA» мектеп-лицейнің 11 сынып оқушысы.

Сондай-ақ, теориялық айналым нәтижелері бойынша Роман Черемнов, Илияс Қазымбек 1-дәрежелі дипломға, Даниэль Тюлюбаев, Таир Әбдіқадыр, Альтаир Аканов 2-дәрежелі дипломға ие болды.

Жас дарындар мен олардың ұстаздардың жарқын жеңістерімен құттықтаймыз!

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан онлайн қызмет көрсетуден әлем бойынша 8-орында – Бағдат Мусин

admin_altyalash

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ШЕТ АЙМАҒЫНДА 400 ОРЫНДЫҚ ЖАҢА ЕМХАНАНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

admin_altyalash

Елордалық каратэшілер ел біріншілігінде 15 алтын медаль еншіледі

admin_altyalash