Алматы әкімі Мемлекет басшысының атынан мемлекеттік марапаттарды табыс етті – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Шілде 12, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы әкімі Мемлекет басшысының атынан мемлекеттік марапаттарды табыс етті

11.07.2025
0
Алматы әкімі Мемлекет басшысының атынан мемлекеттік марапаттарды табыс етті

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды мегаполистің мәдениет және еңбек ұжымдарының көрнекті өкілдеріне мемлекеттік наградаларды табыс етті.

«Отан» орденімен отандық әдебиетті дамытуға, рухани құндылықтарды сақтауға және қазақ мәдениетін ілгерілетуге қосқан зор үлесі үшін белгілі қазақстандық жазушы Тынымбай Нұрмағанбетов марапатталды. Салтанатты рәсім 2025 жылы елімізде жарияланған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өтті.

Тынымбай Нұрмағанбетовті құттықтай отырып, Алматы әкімі жазушыға көп жылғы әдеби қызметі, ұлттық идеяға адалдығы және Қазақстанның рухани мұрасын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдірді.

Тынымбай Нұрмағанбетұлы Нұрмағанбетов – қазіргі қазақ прозасының жарқын өкілдерінің бірі, еңбек ардагері. 1945 жылы Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Н. В. Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтының филология факультетін, сондай-ақ, Мәскеудегі М. Горький атындағы Әдебиет институтының жанындағы Жоғары әдеби курстарды бітірген.

Жарты ғасырдан астам шығармашылық қызмет барысында жазушы оннан астам жинақ шығарды, оның ішінде «Қауын иісі», «Қош бол, ата», «Қарлығаштың ұясы», «Тұнық су», «Айқай» және басқалары бар. Жазушы шығармалары ірі одақтас баспаларда жарық көрді, орыс және басқа да бірқатар тілге аударылды. Ал оның пьесалары желісімен қойылымдар қазақ театрларының сахналарында қойылып келеді.

М. Горький атындағы Бүкілодақтық жастар сыйлығының және Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет және өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Тынымбай Нұрмағанбетов қазақ мәдениетін байытуға және қоғамның рухани дамуына баға жетпес үлес қосты.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Аханаев Дөнесбай Өтепбайұлы марапатталды. Ол – «Алматы Су» МКК Түрксіб аудандық пайдалану учаскесінің слесарі.

Кәсіпорында жұмыс істеген кезден бері Дөнесбай Өтепбайұлы өзін кәсіби білікті, еңбекқор, жауапты және іскер қызметкер ретінде көрсетті. Апатты учаскелерге жедел барып, шұғыл және ұтымды шешімдерді дереу қабылдау қабілетімен ерекшеленеді.

«Алматы Су» МКК Жетісу аудандық пайдалану учаскесінің слесарі Литвинов Дмитрий Александрович те «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Дмитрий Александрович өзінің күнделікті қажырлы еңбегі арқылы Алматы қаласының су құбыры желілерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосып келеді. Соның арқасында шаһардың он мыңнан асатын тұрғыны сапалы және тұрақты ауыз сумен қамтамасыз етілуде.

Мемлекеттік марапаттар көп жылғы адал еңбек, жоғары кәсібилік, қала шаруашылығының дамуына қосқан елеулі үлес үшін табысталды.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Жобаның басты артықшылықтары – бордақылау шаруашылықтарын шоғырландыру арқылы өндірістік процестерді оңтайландыру

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қапшағай су қоймасы — ішкі туризмнің ең көп адам жиналатын бағыттарының бірі

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.