Абайдың 180 жылдығы 1-10 тамыз аралығында 10 күн атап өтіледі – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жұма, Шілде 18, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Абайдың 180 жылдығы 1-10 тамыз аралығында 10 күн атап өтіледі

15.07.2025
0
Абайдың 180 жылдығы 1-10 тамыз аралығында 10 күн атап өтіледі

Ұлы Абайдың 180 жылдық мерейтойына арналған халықаралық, республикалық және өңірлік деңгейде 100-ден астам ауқымды іс-шараны қамтитын кешенді жоспар бекітілді. Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Жанжігіт Омархан, Абай ауданының әкімі Мейіржан Смағұлов, Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев мерейтойға арналған онкүндіктің бағдарламасымен таныстырды.

– Ауқымды бағдарлама 1 тамыз күні «ABAY ACADEMIYASY» энциклопедиялық порталының ашылуымен басталады. Бұл бірегей платформа ақын мұрасын цифрландыру, жүйелеу және ғылыми ортаға қолжетімді етуге бағытталған. Сол күні Мақаншыдағы Алакөл жағасында Қазақстанның халық әртісі Секен Тұрысбеков пен «Ақ жауын» оркестрінің концерті өтеді. Семейдегі Арбат алаңында иллюстратор Аңсаған Мұстафаның көрмесі ашылып, «Асыл мұра» облыстық қолөнер фестивалі ұйымдастырылады, – деп атап өтті басқарма басшысы.

Сонымен қатар, 2-6 тамыз аралығында Қазақстанның халық әртісі Майра Ильясованың Абайға арналған гастрольдік концерті Семейден басталып, Үржар, Аягөз, Жарма және Жаңасемей аудандарында жалғасады.
3 тамызда Абай театрында «Абай әлемі» рухани кеші өтсе, 4 тамызда Секен Тұрысбеков пен «Ақ жауын» оркестрінің қорытынды концерті ұсынылады.
5 тамызда «Ой толғау – Хәкім Абай» монооперасы сахналанады және 6 тамыз күні Абай алаңында «Абай елі – өнер кеніші» концерті мен Ә.Бөкейханов университетінде «Өлең сөздің патшасы» атты жас ақындар мүшәйрасы өтпек.

– 7–9 тамыз күндері Абай мұрасын ғылыми, әдеби және мәдени тұрғыда кеңінен насихаттауға бағытталған бірқатар мазмұнды іс-шаралар өтеді. 7 тамызда халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Асқар Алтайдың шығармашылық кеші аясында «Абай жолы» энциклопедиясы мен Бағашар Тұрсынбайұлының «Абай Құнанбайұлы кім?» кітабының тұсаукесері болады. 8 тамызда Семейде «Адамзаттың Абайы» республикалық ақындар айтысы, Абай ауданында «Жеті қазына» ұлттық байқауының ашылуы өтсе, 9 тамызда Шәкәрім университетінде халықаралық ғылыми конференция, «Жидебай-Бөрілі» музейінде көрме, Абай кітапханасында кітаптар топтамасының тұсаукесері мен 15 елдің қатысуымен халықаралық ақындар фестивалі ұйымдастырылады. Кешкісін орталық алаңда «Абайға тарту» концерті өтеді, – деді спикер.

10 тамыз – Абай күні. Бұл күні таңертең Жидебайда Құран бағышталып, құрбандық шалу рәсімінен бастау алады. Одан соң еліміздің барлық өңірінде Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі ұйымдастырылмақ.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Жаңа модульді ветеринариялық пункт ашылды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Үкімет жаңадан құрылған Абай облысына жан-жақты қолдау көрсетеді

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.