«Келешек мектептері» жобасы – бұл жай ғана жаңа ғимараттардың құрылысы емес, бұл – ел болашағына жасалған инвестиция – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жұма, Шілде 18, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

«Келешек мектептері» жобасы – бұл жай ғана жаңа ғимараттардың құрылысы емес, бұл – ел болашағына жасалған инвестиция

16.07.2025
0
«Келешек мектептері» жобасы – бұл жай ғана жаңа ғимараттардың құрылысы емес, бұл – ел болашағына жасалған инвестиция

Қазақстанда Мемлекет басшысының бастамасымен «Келешек мектептері» ұлттық жобасы белсенді түрде жүзеге асырылуда. Жобаның басты мақсаты – еліміздің барлық өңіріндегі балаларға тұратын жеріне қарамастан сапалы білім алуға тең мүмкіндік жасау.

Жоба аясында 460 мың оқушы орнына арналған 217 заманауи мектептің құрылысы жоспарланған. Бүгінгі таңда 122 мектептің құрылысы аяқталып, соның нәтижесінде 200 мыңнан астам оқушы жаңа, заманауи білім беру ортасымен қамтылды.

Жоба аясында ауылдық инфрақұрылымға ерекше назар аударылуда: пайдалануға берілген мектептердің 40%-дан астамы ауылдық жерлерде орналасқан. Оқушылар санына байланысты мектептер 300 орыннан 2 500 орынға дейін есептеліп салынады – бұл жобалауда нақты қажеттіліктерді ескеру қағидатына негізделген.

Географиялық орналасуына қарамастан шалғай елді мекен болса да, қала болса да барлық мектептер бірыңғай жоғары стандарттарға сай салынады. Архитектурасы, инженерлік шешімдері мен оқу ортасы қазіргі заман талабына толық сәйкес келеді және елімізде біртұтас білім кеңістігін қалыптастыруға ықпал етеді.

Жаңа мектептерде оқушылардың қажеттіліктеріне бағытталған ыңғайлы, қауіпсіз және эргономикалық білім беру кеңістігі жасалған. Ғимараттар бұрынғы стандарттармен салыстырғанда 15–20% кең, ал техникалық жабдықталуы 4 есе артық. Барлық мектептер заманауи жиһазбен және оқу құралдарымен толық қамтамасыз етілген, қауіпсіздік шаралары күшейтілген, бастауыш және жоғары сынып оқушыларына арналған бөлек блоктар қарастырылған.

«Келешек мектептері» жобасы – бұл жай ғана жаңа ғимараттардың құрылысы емес, бұл – ел болашағына жасалған инвестиция. Осы жоба арқылы әрбір бала заманауи, жайлы әрі шабыттандыратын ортада білім алуға мүмкіндік алады.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Олжас Бектенов: Бизнес салықты әділ төлеуі керек

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қазақстан мен Иордания ет және тірі мал экспортын талқылады

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.