Ірі жобалардың бірі — Alatau Amanaty бағыты – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Шілде 20, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ірі жобалардың бірі — Alatau Amanaty бағыты

19.07.2025
0
Ірі жобалардың бірі — Alatau Amanaty бағыты

Былтыр еліміздегі ұлттық парктерге 2,8 миллионнан астам адам барған. 2023 жылғы дерекпен салыстырғанда 18%-ға көп. Туристер арасында Іле-Алатау ұлттық паркі, Шарын шатқалы, Алтын-Емел және Көлсай көлдері ерекше танымал. Мемлекет басшысының ішкі туризмді дамыту жөніндегі тапсырмаларына сәйкес, Туризм және спорт министрлігі жаңа экотуристік бағыттарды дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр.

Қазіргі уақытта шамамен 750 шақырым табиғи маршрут абаттандырылған. Алдағы жылдары маусымдық ерекшеліктер, басым бағыттар және көлік қолжетімділігі ескеріле отырып, тағы 350 шақырым жолды жабдықтау жоспарланып отыр. Биыл тоғыз негізгі туристік соқпақ салу көзделген.

Ірі жобалардың бірі — Alatau Amanaty бағыты. Ол «Аюсай» визит-орталығының негізінде жүзеге асырылып жатыр. Бұл жоба Іле Алатауының көркем жоталарымен өтіп, Шарын шатқалын «Таңбалы» қорық-музейімен байланыстыратын 1200 шақырымнан астам жолды қамтиды. Маршрут бойында этноауылдар, кемпингтер, глэмпингтер мен гастротуризм нысандары салынады. Болашақта бұл бағыт ішкі және халықаралық оқиғалы туризм үшін тұтас экожүйеге айналмақ. Alatau Amanaty жобасы саланы дамытумен қатар, ауыл тұрғындарын экономикалық белсенділікке тартуға да бағытталған.

Бастама KazAlpineClub қоғамдық бірлестігіне тиесілі және оны AMANAT партиясы, ҚР Туризм және спорт министрлігі, Kazakh Tourism ұлттық компаниясы, сондай-ақ Алматы қаласы мен Алматы облысының әкімдіктері қолдап отыр.

Бүгінде маршруттың негізгі аялдамалары туристер үшін тартымды нүктелерге айналып отыр. Олардың қатарында: «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі, Көк-Жайлау шатқалы, Бутаковка сайы, Алма-Арасан ыстық бұлақтары, Үлкен Алматы көлі, VIII–XIII ғасырлардағы Талхиз қалашығы және Oi-Qaragai тау курорты бар.

Жобаның іске қосылу күні қатысушылар «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында таулы аймақтарда тазалық жұмыстарын жүргізіп, экологиялық іс-шара өткізді.

Мұндай жобаларды жүзеге асыру тек тұрақты туризмді дамытуға ғана емес, сонымен қатар жаңа жұмыс орындарын ашуға және жергілікті қауымдастықтарды қолдау арқылы өңірлер үшін жаңа экономикалық мүмкіндіктер береді.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Шымкент қаласында XII Азаматтық форум өтті

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Күдікті бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алынды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.