Киік еті қауіпсіз – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Шілде 21, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Киік еті қауіпсіз

19.07.2025
0
Киік еті қауіпсіз

Ақбөкендердің санын реттеу жұмыстарын «Охотзоопром» РМК қызметкерлері жүзеге асырады. Ақбөкеннің сойылған ұшалары рефрижераторларға салынып, сою пункттеріне жеткізіледі.

Жануарлардың аса қауіпті ауруларын (ұсақ күйіс қайыратын жануарлардың обасы, аусыл, бруцеллез, пастереллез, сібір жарасы және тағы басқа) болдырмау мақсатында ақбөкендердің бүкіл популяциясына Ұлттық ветеринария референттік орталығы тұрақты түрде эпизоотиялық мониторинг жүргізеді.

Сонымен қатар, ақбөкендермен ортақ жайылымдар мен суаттарда ауыл шаруашылығы жануарларына да ветеринариялық қызмет тұрақты түрде мониторингтік зерттеулер жүргізіп отырады.

Айта кету керек, ақбөкендерді сою және биологиялық қалдықтарды залалсыздандыру бойынша тиісті нормативтер қабылданған. 2023 жылғы 27 қарашада ҚР СТ «Сайғақ еті бұқтырылған. Техникалық шарттар» және ҚР СТ «Сайғақ еті – тұтас және жартылай ұшалар. Жалпы техникалық шарттар» ұлттық стандарттары бекітілген.

Қазіргі уақытта ақбөкендердің санын реттеу жұмыстарына 6 облыстағы 24 сою пункті жұмылдырылған. Барлық сою объектілері ветеринариялық-санитариялық талаптарға сай (мал союға арналған арнайы бөлмелер, тоңазытқыш камералар, ұшаларды ілуге арналған құралдар, сумен жабдықтау және т.б.).

Ұшалар сою орындарына жеткізілген соң, олар ветеринариялық дәрігерлердің бақылауынан өтіп, ветеринариялық-санитариялық сараптамадан өткізіледі.

Бұл ретте, аһбөкен етіне міндетті зерттеулер жүргізіледі, олар: ұшаның, ішкі ағзалардың және басының органолептикалық қарауы; барлық қолжетімді лимфа түйіндерін жарып, ішкі ағзаларды тіліп тексеру; қайнату сынамасы; финнозға (цистицеркоз) зерттеу; жалпы радиациялық фонды анықтау.

Ұшаның ветеринариялық талаптарға сәйкестігі анықталған жағдайда, ет әрі қарай бөлшектеліп, өңделеді, ал қалдықтар залалсыздандырылады.

Ақбөкеннен алынған өнім ветеринариялық дәрігерлер берген анықтамамен сүйемелденеді. Бұл құжат өнімнің шыққан жерін, қауіпсіздігін және сапасын растайды.

Өткізілетін жануарлардан алынатын өнімдер ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік талаптарына сай болуы қажет.

Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 22-бабына сәйкес, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты ветеринариялық-санитариялық сараптамасыз өткізуге тыйым салынады.

Сонымен қатар, ішкі сауда нысандарында ветеринариялық инспекторлар күнделікті бақылау жүргізеді. Олар: ветеринариялық анықтаманың және сою орнының таңбасының болуын; өнімді тасымалдау кезінде температуралық режимнің сақталуын; зертханалық бақылау нәтижелерін тексереді.

Осыған байланысты, Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті тұтынушыларға ақбөкен етін арнайы белгіленген орындардан және ветеринариялық ілеспе құжаттар болған жағдайда ғана, тамақтану және ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес сатып алуды ұсынады.

 

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Күдікті бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алынды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.