Есентай өзенінің жағалауы көркейтіледі – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Тамыз 17, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Есентай өзенінің жағалауы көркейтіледі

23.07.2025
0
Есентай өзенінің жағалауы көркейтіледі

Алматы қаласының әкімдігі елдегі ірі құрылыс компанияларының бірі – BI Group компаниясын Есентай өзенінің бойын абаттандыру бойынша ауқымды жобаға тартты. Келісімге сәйкес, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында BI Group компаниясы бұл жобаны жүзеге асыруға 11 миллиард теңгеден астам қаржы құйып, өзен арнасы бойындағы әл-Фараби даңғылынан бастап Рысқұлов даңғылына дейінгі 7,2 шақырымдық аумақты ретке келтірмек.

Жобаның мақсаты – қаланың жоғарғы және төменгі бөлігін біріктіретін заманауи қоғамдық кеңістік қалыптастыру. Құрылыс жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асады. Алғашқы кезең – әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі учаскеде абаттандыру жұмыстарын биыл аяқтау жоспарланған.

Жоба аясында өзен жағалауында жаяу жүргіншілер мен велосипед жолдары, жаңа саябақтар мен демалыс орындары салынады. Заманауи қала кеңістігіне сай, орындықтар мен көгалдандыру элементтері орнатылады. Сонымен қатар, аумақ мақсатты бағыттар бойынша жүйеленіп, жастар мен студенттерге арналған, мәдени және белсенді демалыс аймақтары, сондай-ақ тыныш демалысқа арналған тынығу орындары қамтылады.

Сарапшылардың пікірінше, Есентай өзенінің бойындағы аймақ ерекше әлеуетке ие. Өзен арнасы жасыл белдеулерді, тұрғын үй кешендерін, студенттік кампустарды кесіп өтеді әрі мәдени-спорттық нысандарға жақын орналасқан. Арна бойындағы бос жатқан жерлер қосымша көгалдандыру мен жаңа скверлер жасауға мүмкіндік беріп, қаланың демалыс пен туризм тұрғысынан тартымдылығын арттыра түседі.

Алматы әкімдігі қала кеңістігін дамыту және тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыру мақсатында әлеуметтік жауапты бизнесті тарту жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыра береді.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

ТЖМ құтқарушылары су айдындарында патрульдеуді күшейтті

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Семей қаласында айналма жол салынады

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.