Ауылдық жерлердегі жолдың жағдайы – халықтың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін маңызды мәселенің бірі – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Қазан 14, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Ауылдық жерлердегі жолдың жағдайы – халықтың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін маңызды мәселенің бірі

30.07.2025
0
Ауылдық жерлердегі жолдың жағдайы – халықтың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін маңызды мәселенің бірі

Өткен жылдары республикалық маңызы бар «Талдықорған-Үшарал», «Үшарал-Достық» автомобиль жолдары қайта жаңғыртудан өткізіліп, ел игілігіне қолданысқа берілген болатын. Ендігі кезекте ауданның облыстық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары кезең-кезеңімен жөнделеді. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың Алакөл ауданының тұрғындарымен кездесуі кезінде айтылды, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыс әкімі кездесу барысында аудандағы инфрақұрылымды дамыту туралы тұрғындарға кеңінен айтып берді.

– Ауылдық жерлердегі жолдың жағдайы – халықтың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін маңызды мәселенің бірі. Сондықтан биыл ауданның жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу мен күтіп ұстауға 3,6 млрд. теңге қарастырылып отыр. Оның ішінде облыстық маңызы бар Қабанбай-Тоқжайлау, Қабанбай-Лепсі бағытындағы автомобиль жолдарында асфальт жамылғыларын кесу, су өткізу құбырын ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстардың қарқынын арттыру керек. Биыл күзде құрылыс жұмыстары аяқталады. Облыстың автомобиль жолдары басқармасы жол құрылысын уақытылы және сапалы аяқталуын қамтамасыз етуі тиіс, – деді Бейбіт Исабаев.

Өңір басшысының сөзіне сүйенсек, Жамбыл ауылына кіреберіс, Арқарлы ауылына дейінгі автожолдар да жөнделеді. Он елді мекеннің 24 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Соның ішінде Үшарал, Бұдыр, Қазақстан, Балапанов, Қабанбай, Архарлы, Жыланды, Қамысқала ауылдарында жөндеу жұмыстары бітті, қалған Қайнар, Жанама ауылдарындағы жөндеу жұмыстары қарашада аяқталады.

Ауыз су мәселесіне келсек, аудандағы 56 елді мекеннің 48-і орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген. Ал Қоңыр ауылы ауыз суға биыл қосылады. Қалған 7 ауылда көп дегенде 20-дан астам үй ғана тұратындықтан, оларды орталық су жүйесін тарту экономикалық жағынан тиімсіз болып отыр.

– Өткен жылы ауыз су сапасын жақсарту үшін Бибақан ауылы орталық сумен жабдықтау жүйесіне қосылып, Теректі, Көктұма, Екпінді ауылдарында қайта жаңғырту жүргізілген болатын. Сондай-ақ Тоқжайлау ауылында осындай желінің құрылысы аяқталды, қазіргі уақытта іске қосу жұмыстары жүріп жатыр. Өздеріңіздің өтініштеріңіз бойынша Бұлақты ауылында су желілерін қайта жаңғыртуға құжаттар әзірленіп, сараптамадан өткізілді. Келесі жылға республикалық бюджетке өтінім берілді, – деді ауыз мәселесіне егжей-тегжейлі тоқталған облыс әкімі.

Сол сияқты тұрғындар тарапынан орталық жылумен қамтамасыз ету мәселесі бірнеше рет көтерілгені ескеріліп, Үшарал қаласында орталық қазандықты қайта жаңғырту жобасы іске асырыла бастады. Қажетті қаражат толығымен бөлінді. Бүгінгі күні  жұмыстар 80%-ға орындалған. Нысан жылыту маусымына дейін іске қосылады.

 

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Қазақстан аграрлық секторға жоғары технологиялық инвестициялар тартуға мүдделі

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Семсерлесуден ұлттық құрама әлем чемпионатында тарихи жетістікке қол жеткізді

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.