«Білім берудегі 1000 көшбасшы» стратегиялық жоба жүзеге асырылуда – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Тамыз 18, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Білім

«Білім берудегі 1000 көшбасшы» стратегиялық жоба жүзеге асырылуда

04.08.2025
0
«Білім берудегі 1000 көшбасшы» стратегиялық жоба жүзеге асырылуда

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елімізде басқарушылардың жаңа буынын қалыптастыруға бағытталған «Білім берудегі 1000 көшбасшы» стратегиялық жобасы жүзеге асырылуда.

Жоба халықаралық озық тәжірибеге негізделген: көптеген елдерде мектеп директорларын тағайындамас бұрын оларды арнайы даярлау міндетті талап саналады. Қатысушылар оқудан өтіп, үздік білім беру ұйымдарында тағылымдамадан өтеді және тәлімгерлік қолдаумен қамтылады. Бұл басқарушылық қабілеттерді жүйелі түрде дамытуға және сенімді шешім қабылдай алатын жетекшілерді қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда республикалық кадрлық резервке 583 педагог енгізіліп, олардың 397-сі конкурстан тыс негізде басшылық қызметке тағайындалды. Тек 2024 жылдың өзінде 36 резервист жаңа үлгідегі «Келешек мектептері» жобасы аясында салынған мектептердің директорлары болды.
⠀
Жобаға қатысушының бірі – №290 жайлы мектептің директоры Мөлдір Смаханова. Ол барлық кезеңнен өтіп, бағдарламаға сай жан-жақты дайындықтан өтті. Басшылыққа тағайындалмас бұрын заманауи басқару тәсілдерін меңгеріп, кәсіби дағдыларын жетілдірді.

«Бұл жоба менің директор қызметіне деген көзқарасымды мүлде өзгертті. Қазіргі заманғы мектепке тек басқарушы емес, ұжымды ынталандырып, мұғалімдердің кәсіби дамуына және оқушылардың қабілетін толық ашуға мүмкіндік беретін көшбасшы қажет. «Келешек мектептері» моделі осындай жаңа басқару мәдениетін қалыптастырады», – деді жоба түлегі.

Президенттік жастар кадрлық резерві тәжірибесіне негізделген бұл жоба 2023 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен жүзеге асырылып келеді. Қатысушыларды іріктеу процесі бес кезеңнен тұрады: тестілеу, оқыту, тағылымдама, қорытынды бағалау және сұхбат. 2024 жылы 2,5 мыңнан астам үміткердің арасынан кәсіби даярлық курсына 433 кандидат іріктеліп алынды.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Үкімет Орал қаласының жылу магистралін реконструкциялауға 2,5 млрд теңге бөлді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«Абай әлемі» атты әдеби-сазды танымдық кеш өтті

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.