BIRLIK ансамблі Жапонияның Осака қаласындағы EXPO 2025 халықаралық көрмесінде өнер көрсетті – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Тамыз 19, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

BIRLIK ансамблі Жапонияның Осака қаласындағы EXPO 2025 халықаралық көрмесінде өнер көрсетті

12.08.2025
0
BIRLIK ансамблі Жапонияның Осака қаласындағы EXPO 2025 халықаралық көрмесінде өнер көрсетті

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының BIRLIK ансамблі Жапонияның Осака қаласындағы EXPO 2025 халықаралық көрмесінде өнер көрсетті.

Осыдан бір ғасыр бұрын 1925 жылы Франция астанасында өткен EXPO көрмесінде тұңғыш рет қазақ мәдениетін әлемге танытқан Әміре Қашаубаевтың өнеріне жұрт тәнті болды. Төрткүл дүниеге жол ашқан Әміренің жолын BIRLIK ансамблі жалғады.

Ансамбль Қазақстан Республикасы Ұлттық күніне арналған салтанатты ашылу рәсімі мен гала-концертіне қатысты. Іс-шараға 158 ел, 9 халықаралық ұйым қатысты. Өнер ұжымы Осака қаласындағы Ray Garden сахнасында және Swissotel Nankai Osaka қонақ үйінің салтанатты залында өнер көрсетіп, көпшілік көңілінен шықты. Концерттік бағдарламада көрермен назарына «Күй шашу», «Аққу», «Салкүрең» және т.б. басқа да дәстүрлі билер ұсынылды.

BIRLIK ансамблі – жаһандану заманында ұлттық құндылықтарды ұлықтап, еліміздің мәдениетін әлемге танытып жүрген бірегей өнер ұжымы.

Айта кетейік, аталмыш ансамбль ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен 2024 жылғы 1 наурыз Алғыс айту күніне орай құрылды. Осылайша, Қазақстан мен ТМД елдері тарихында тұңғыш рет көпэтносты ән мен би ансамблі жасақталды. Ұжымның репертуары қазақ халқының тарихымен және тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуымен тығыз байланысты 130 этностың музыкалық мұрасы мен өнерін қамтиды.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Мен еліміздің жастарына зор сенім артамын

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Бейжіңде Дүниежүзілік робот конференциясы және World Robot Contest жарысы өтті.

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.