Құрылыс саласында қызмет ету – бұл жай ғана мамандық емес, елге қызмет ету – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Тамыз 16, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Құрылыс саласында қызмет ету – бұл жай ғана мамандық емес, елге қызмет ету

14.08.2025
0
Құрылыс саласында қызмет ету – бұл жай ғана мамандық емес, елге қызмет ету

«Өнер орталығында» Құрылысшылар күніне арналған салтанатты шара өтті. Оған Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Ергешбаев, облыстық құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, зиялы қауым өкілдері, сала ардагерлері қатысты.
Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев жиналған қауымды кәсіби мерекемен құттықтап, құрылыс саласында атқарылған жұмыстарды атап өтті.
«Президентіміз «Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек», – деген болатын. Бұл – экономикалық тұрақтылық пен әлеуметтік прогрестің басты факторы ретінде жұмысшы кәсіптерінің рөлін күшейтудегі стратегиялық қадам.
«Жұмысшы мамандықтары жылына» орай жақында ғана Мемлекет басшымыздың Жарлығымен өңіріміздің бірқатар металлургтері, теміржолшылары мен құрылысшылары мемлекеттік наградаларға ие болды. Бұл еңбек адамдарына көрсетілген зор құрмет пен лайықты жоғары баға.
«Алаштың анасы» атанған қасиетті Сыр өңірі Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауымен қарқынды дамуда. Облысымыздың бюджеті 823 млрд. теңгеден асып, 2022 жылдан бері 226 пайызға өсті. Бұл қаражат аймағымыздағы ең өзекті деген мәселелерді шешуге, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға, ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға бағытталуда.
Биыл 96 жобаның құрылысына бюджеттен 166 млрд. 800 млн. теңге қаржы бөлініп, 2022 жылмен салыстырғанда 8 есеге артты. Нәтижесінде құрылыс жұмыстарының көрсеткіші бойынша республикада үздіктер қатарында келеміз.
Құрылыс саласында қызмет ету – бұл жай ғана мамандық емес, елге қызмет ету. Құрылысы қарымды елдің экономикасы да қуатты.
Туған жеріміз, Сыр өңірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруына, сәулеттік келбетінің жаңаруына, заманауи ғимараттардың бой көтеруіне қосқан елеулі еңбектеріңіз үшін Сіздерге барша Сыр жұртшылығының, жеке Өзімнің атымнан шынайы алғысымды білдіремін.», -деді Н.Нәлібаев.
Мерекелік шарада құрылыс саласының үздіктері «Достық», «Құрмет», «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек даңқы» орден-медальдарымен марапатталды.
Сонымен қатар ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің «Құрметті құрылысшы» төсбелгісіне, «Құрмет грамотасына» және Қызылорда облысының «Құрмет грамотасына» ие болды.
Мерекелік іс-шарада әнші Қайрат Баекенов, әнші-композитор Жарасхан Төлеубай ән шырқады.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Елордалық жастар кәсіби спортшымен кездесті

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Елдің ертеңі мұғалімдерге тікелей байланысты»

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.