Астанада Конституция мерекесіне орай Saryarqa RUN бұқаралық жүгіру іс-шарасы өтеді – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Қыркүйек 1, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Астанада Конституция мерекесіне орай Saryarqa RUN бұқаралық жүгіру іс-шарасы өтеді

27.08.2025
0
Астанада Конституция мерекесіне орай Saryarqa RUN бұқаралық жүгіру іс-шарасы өтеді

Астанада 31 тамыз күні ел бірлігі мен салауатты өмір салтын насихаттайтын жаппай бұқаралық Saryarqa RUN жүгірісі ұйымдастырылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Айтулы іс-шара Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына және «Таза Қазақстан» ұлттық экологиялық акциясына орай өткізілмек.

Жүгіру Сарыарқа ауданындағы Ырыскелді қажы мешітінің аумағында (Ермек Серкебаев көшесі, 2) басталады. Тіркеу таңғы сағат 07:00-09:00 аралығында жүргізіліп, ресми бастау 09:00-де беріледі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қатысушылар үшін 4 шақырым және 7,6 шақырым қашықтықтар қарастырылған. Жүгіру бағыты мешіт аумағынан басталып, Кенесары хан ескерткішіне дейін жалғасады. Сол жерде спортшылар кері бұрылып, қайтадан мешітке оралып, мәреге жетеді.

«Бұл шараны Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Сарыарқа ауданы әкімдігі бірлесіп ұйымдастырып отыр. Әрбір қала тұрғыны мен қонағы өзіне ыңғайлы қашықтықты таңдай алады», – дейді қалалық спорттық-бұқаралық іс-шаралар дирекциясы басшысының орынбасары Ержігіт Өсербай.

Айта кетейік, жарыс кезінде көлік қозғалысы тоқтатылмайды. Қатысушылар саны 1500 адамға дейін шектелген (лимит).

Сонымен қатар, ұйымдастырушылар тіркелген қатысушылар арасында бағалы сыйлықтар ойнатылатын лотерея өткізілетінін хабарлады.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

«Келешек мектептері»: 3 мыңнан астам педагог біліктілігін арттырады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Облыс әкімі Шиелідегі теміржол вокзалының күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.