Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарМәдениетРуханият

Минск қаласында Абайға арналған көрме ашылды

Минск қаласындағы (Беларусь Республикасы) Янка Купала атындағы Мемлекеттік әдеби музейінде Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығының арнайы көрмесі ашылды.

Көрме ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

Экспозицияда Абайдың түпнұсқа шығармалары, тұрмыстық заттары және ақынның рухани және шығармашылық мұрасына байланысты жәдігерлер қойылған.

Көрменің ашылуына Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Тимур Жақсылықов, Беларусь Республикасы Мәдениет министрінің бірінші орынбасары Дмитрий Шляхтин, сондай-ақ бірқатар мемлекеттердің елшілері мен қызметкерлері қатысты.

Іс-шара барысында жазушы, Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясын аударған Михаил Поздняков музейге арнайы беларусь тіліндегі нұсқасын
табыстады.

Бұл көрме Қазақстан мен Беларусь арасындағы мәдени ынтымақтастықтың маңызды оқиғасына айналып, ұлы ойшылдың рухани мұрасын насихаттауға және халықтар арасындағы мәдени байланысты нығайтуға бағытталды. Экспозиция бір ай бойы жұмыс істейді.

 

Ұқсас жаңалықтар

Курорттық аймақтарды инспекциялау нәтижелері бойынша шаралар қабылданды: бірқатар лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды

admin_altyalash

Судағы қауіпсіздік — бұл ортақ жауапкершілік

admin_altyalash

Жетісу облысында 221 гектар жер мемлекет қорына қайтарылды

admin_altyalash