Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Ғылым-БілімЖаңалықтар

Жасанды интеллектіні педагогтің орнын алмастырушы емес, кәсіби қызметін жеңілдететін сенімді құрал

Қазақстандық педагогтердің цифрлық құзыреттілігін арттыруға бағытталған оқыту басталды. Жаңа оқу жылы қарсаңында мұғалімдердің кәсіби даярлығын заманауи талаптарға сай жетілдіру мақсатында ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ЮНЕСКО-мен бірлесіп жаңа бағдарламаны іске қосты. Бағдарлама халықаралық тәжірибе негізінде әзірленіп, қазақстандық оқу жүйесіне бейімделген.
Оқыту барысында педагогтер:
•жасанды интеллект құралдарын тиімді әрі этикалық тұрғыдан дұрыс қолдануды;
•промпт жазу әдістерін;
•сабақ жоспарлау тәсілдерін;
•тестілер мен оқу материалдарын әзірлеуді;
•иллюстрациялар жасауды;
•оқу мазмұнын жетілдіру және оқушылардың қызығушылығын арттыру жолдарын меңгереді.
Бағдарлама жасанды интеллектіні педагогтің орнын алмастырушы емес, кәсіби қызметін жеңілдететін сенімді құрал ретінде қолдануға бағытталған. Ол мұғалімге шығармашылыққа көбірек уақыт бөлуге мүмкіндік береді.
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ұйымдастырған бұл оқуға мұғалімдер https://reg.orleu.edu.kz сайты арқылы тіркеліп, LMS платформасында тегін қатыса алады. Бір аптаның ішінде 100 мыңға жуық адам қатысып, соның жартысына жуығы сертификат алды.

Ұқсас жаңалықтар

Алакөлді дамытудың жол картасы бекітілді

admin_altyalash

Қазіргі заман – ақпараттық технология мен жасанды интеллект дәуірі

admin_altyalash

Экономикалық тұрғыдан белсенді азаматтың бәріне бірдей түсінікті ету өте маңызды

admin_altyalash