Бұл аумақ қаланың ең көрікті орындарының біріне айналады – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Қыркүйек 6, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Бұл аумақ қаланың ең көрікті орындарының біріне айналады

03.09.2025
0
Бұл аумақ қаланың ең көрікті орындарының біріне айналады

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев құқық қорғау органдары, жауапты сала мен ірі құрылыс мекемелері басшылары және зиялы қауым өкілдерімен бірге Президент саябағындағы нысандардың құрылыс жұмыстарымен танысты. Саябақтағы жұмыс қарқыны, іске асырылатын жобалардың ауқымы бұл аумақтың қаланың ең көрікті орындарының біріне айналатынын аңғартады.
Алдымен аймақ басшысы бастаған топ инвестор қаражатына бой көтерген «Rixos» қонақ үйінің құрылыс алаңына барды. Мамыр айында басталған жұмысты «Altyn Gimarat» ЖШС жүргізуде. Бес жұлдызды қонақ үйде 150 нөмір, мейрамхана, саябақ аймағы, автотұрақ болады.
Қасында тоғыз қабатты 15 тұрғын үй салынуда. Бас мердігер «Мелиоратор» ЖШС. Әр үйде 63 пәтерден, жалпы 945 пәтер болады.
Президент саябағы да қайта жаңғыртудан өтуде. Мұнда бас мердігер «Bi Global» ЖШС жоба бойынша 3 аллея, 6 субұрқақ, 5 амфитеатр, 7 балалар ойын алаңы, 4 спорт алаңы, 4 workout аймағы, 7 демалыс аймағы, 4 фудкорт, теннис үстелдері, айналмалы дөңгелек атракцион, тамақтану ғимараттары, би алаңы, стритбол, вело, жүгіру жолақтары, сахна, саябақ ішіндегі сарқырама каналдары, канал үстінен көпірлер, шахмат, баскетбол, футбол алаңдары, арқан саябағы, модульдік- санитарлық ғимарат орналастырады.
Сонымен қатар, саябақта жылдың төрт мезгілінде үздіксіз жұмыс істейтін 300 орындық заманауи балалар тынығу лагері мен Ботаникалық білім беру орталығы, яғни қысқы бақ салынуда.
«Alem Qurylys AQ» ЖШС лагерде спорт блогын, іс-шараларға арналған event-аймақ, 4 тұрғын аумақ, қонақ үй үлгісіндегі шағын ғимарат, 5 дәстүрлі үлгідегі киіз үй, ашық бассейн, стадион, футбол алаңын, сахна және басқа да демалыс орындарын салады.
Президент саябағы мен «Астана» шағын ауданын байланыстыру үшін Сырдария өзені үстінен жаяу жүргіншілер көпірі түседі.
Аймақ басшысы құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізіп, белгіленген уақытта аяқтау керек екенін айтты.
Бүгінде Қызылорда қаласындағы Қорқыт ата мемориалды аллеясын қайта жаңғырту жұмыстары да қарқынды жүруде. Жалпы аумағы 38 мың шаршы метрден асатын демалыс орнындағы жасыл желек алаңы ұлғайтылып, халық тынығатын саялы орынға айналып келеді. Балаларға арналған ойын және спорт алаңдарының заманауи жабдықтары қауіпсіз әрі қолайлы етіп жасалуда. Бүгінде құрылыс және абаттандыру жұмыстарының басым бөлігі аяқталған.
Қала тұрғындары қайта жаңғыртудан өткен мәдениет және демалыс паркінің жаңа келбетіне, келушілерге ұсынылған мүмкіндіктерге дән риза. Мұнда жаңа арка орнатылып, «Сыр батырлары» ескерткіші Тағзым алаңына ауыстырылды. Қоршаулар мен жүргіншілер жолы жаңартылып, 544 түп ағаш пен қылқан жапырақты көшеттер отырғызылды. Бұдан бөлек, скейтпарк, воркаут алаңдары, балалар ойын аймақтары, фуд-корттар және ашық амфитеатр салынды.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Элеваторлық қуаттарды босату бойынша шаралар кешенін іске асырылуда

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қазақстанда промпт-инжиниринг бойынша тегін курс басталды: теориядан дайын AI-ассистентке дейін

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.