Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Региональные новостиНовостиОбщество

Бекет қажетті инженерлік инфрақұрылыммен қамтылған

Облыс әкімі Берік Уәли қаланы аралау барысында Мәңгілік ел көшесінде ашылған стационарлық полиция бекетінің жұмысымен танысты.

Аумағы 22 шаршы метрді құрайтын жаңа нысан заманауи талаптарға сәйкес жабдықталған. Бекет қажетті инженерлік инфрақұрылыммен қамтылған. Ішінде жылу, кәріз жүйесі, автономды сумен жабдықтау қарастырылған. Қызметкерлердің жайлы жұмыс істеуі үшін кондиционер орнатылған.

Сонымен қатар бейнебақылау жүйесі де іске қосылған. Бекеттің сырты 4 IP-камера, ішінде 2 IP-камера және бейнетіркеу құрылғысы орнатылған.

Облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Ернар Базаровтың айтуынша, осындай полиция бекеті қалада үш жерде ашылды.

Аймақ басшысы стационарлық полиция бекеттерінің қоғамдық тәртіпті күшейтуде маңызы зор екенін атап өтті.

«Бізге осындай бекеттер керек. Егер тиімділігі жоғары болып жатса тағы да алуға көмектесеміз. Қаладағы халық көп шоғырланған жерлерге орнатылды. Қоғамдық қауіпсіздік үшін өте қажет. Бұл бағыттағы жұмысты жалғастырамыз. Бүгін сыйға тартылған осындай қажетті техникаларды тағы да алуға қолдау көрсетеміз» деді облыс әкімі

Жалпы, қазіргі уақытта облыс орталығында осындай 5 стационарлық бекет бар. Семей қалалық әкімдігінің қолдауымен облыстық полиция департаментіне 2 квадроцикл, 1 электросамокот сатып алынды.

Ұқсас жаңалықтар

Курултай, экология и инвестиции в туризм: в Усть-Каменогорске обсудили проект Новой Конституции с представителями отрасли

admin_altyalash

Коронавирус: три региона Казахстана находятся в «красной» зоне

admin_altyalash

Какие изменения произошли в системе среднего образования с началом нового учебного года?

admin_altyalash