Алматыда 14 медициналық ұйым жанынан жастар денсаулық орталығы ашылды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жұма, Қазан 24, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Денсаулық

Алматыда 14 медициналық ұйым жанынан жастар денсаулық орталығы ашылды

05.09.2025
0
Алматыда 14 медициналық ұйым жанынан жастар денсаулық орталығы ашылды

Алматыда 14 медициналық ұйым жанынан жастар денсаулық орталығы ашылды. Мұнда 10 бен 29 жас аралығындағы қала тұрғындары міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында медициналық, психологиялық және әлеуметтік көмек ала алады. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасында хабарлады.

Мұндай орталықтардың негізгі міндеті – жасөспірімдер мен жастарға дәрігерлер мен психологтардан кеңес алуға, жеке және әлеуметтік мәселелерді шешуге, салауатты өмір салты туралы білім алуға мүмкіндік беретін сенімді орта қалыптастыру. Мұнда өтініштердің құпия түрде қарастырылуына кепілдік беріледі.

Репродуктивті денсаулыққа, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алуға және отбасыларға психологиялық қолдау көрсетуге баса назар аударылады. Жеке консультациялардан басқа мамандар тренингтер, семинарлар, спорттық және мәдени іс-шаралар ұйымдастырады.

№36 қалалық емхана жанындағы «Салауатты жастар» орталығы сондай табысты жобалардың бірі. Былтыр ғана бұл орталықтың қызметін шамамен 2,5 мың алматылық пайдаланған. Оның базасында құрылған еріктілер клубында Наурызбай ауданының оқушылары топпен жұмыс істеуді, көшбасшылықты және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруды үйренеді.

«Бұрын дәрігерге сұрақ қоюға қымсынатынмын. Ал бұл орталықта өзімді еркін сезінемін. Мұндағы мамандардың бәрі ашық-жарқын. Әңгімелесіп, сырласуға да болады. Бұл маған үлкен қолдау береді», – дейді орталыққа келуші жастың бірі.

Айта кетейік, жастар денсаулық орталықтары №4, 5, 7, 11, 12, 16, 23, 26, 29 және 36 қалалық емханаларда, сондай-ақ, Медеу аудандық ҚПМСК-де, «Almaty clinic» медициналық орталығында, ҚАҰӨО мен «Медсервисхирургияда» жұмыс істеп тұр. Бұл орталықтарға жасөспірімдер мен жастар тіркеуіне немесе тұрғылықты жеріне қарамастан жүгіне алады.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Бұл әлемдік додалар мен мәдени, спорттық іс-шараларды өткізуге мүмкіндік береді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Маңғыстауда Орталық Азиядағы алғашқы теңіз аквашаруашылық жобасы басталды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.