Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтарМәдениетӨнер

«Салтанат» мемлекеттік би ансамблі Ақтөбе облысына гастрольдік сапармен барады

2025 жылдың 24-29 қыркүйек аралығында «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі Ақтөбе облысына гастрольдік сапармен барады. Турне ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Би керуені» атты жоба аясында өтеді.

Сапар барысында ансамблдің көркемдік жетекшісі Қуанышбек Төлеген, бас балетмейстер Ақмарал Әбдікәрімқызы, халықаралық конкурстардың лауреаты Талғат Ахметовтың қатысуымен шеберлік сабақтары ұйымдастырылады.

Концерттік бағдарламада әлем халықтарының билері және қазақтың ұлттық билері ұсынылады. Орыс, ұйғыр, болгар, татар, кәріс, қытай, өзбек, тәжік, моңғол және т.б. би қойылымдарын, әр елдің салт-дәстүрін, мәдениетін ақтөбелік көрермен тамашалай алады.

Айта кетсек, ҚР Қазақстанның еңбек сіңірген «Салтанат» би ансамблі – ұлттық хореография мәдениетінің бай мұрасын және әлемдік хореографияның алуан түрлігін толық насихаттай алатын бірегей кәсіби би ұжымы. Жетпіс жыл тарихы бар ансамбльдің репертуарында түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінің би қойылымдары да бар.

Ұқсас жаңалықтар

Астана халықаралық форумы 2025 демеушілер есебінен өткізіледі

admin_altyalash

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин: ЛГБТ пропагандасы – жас өрендеріміздің танымын сындыратын қауіпті үрдіс

admin_altyalash

Алаяқтар Ұлттық қауіпсіздік комитеті атынан алдауға көшті

admin_altyalash