Үкімет отырысында жол қозғалысы мен жаяу жүргіншілер қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қаралды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Қыркүйек 16, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Үкімет отырысында жол қозғалысы мен жаяу жүргіншілер қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қаралды

16.09.2025
0
Үкімет отырысында жол қозғалысы мен жаяу жүргіншілер қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қаралды

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында жол қозғалысы мен жаяу жүргіншілер қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қаралды. Онда ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха мен Алматы, Маңғыстау, Жамбыл және Қарағанды облыстары әкімдерінің баяндамалары тыңдалды.

Ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, жыл басынан бері жол-көлік оқиғаларының саны 42%-ға, зардап шеккендер саны 52%-ға артқан. Сонымен қатар өлім-жітім санының 2%-ға төмендеуі байқалады. Жолдардағы жағдайды жақсарту үшін ведомство автомектептерді лицензиялауды енгізу, заңсыз тасымалдаушыларға қатысты шараларды күшейту, сондай-ақ жол инфрақұрылымын дамытуды ұсынады. Атап айтқанда, төрт немесе одан да көп жолақты жолдар салу, жаяу жүргіншілер өткелдерін, тротуарлар және жарықтандыру қондырғылары санын көбейту, сондай-ақ бейнетіркеу жүйелері желісін кеңейту қажет.

Премьер-министр Мемлекет басшысы Жолдауында жол қауіпсіздігін азаматтарымыздың өмірі мен денсаулығына тікелей әсер ететін проблема деп атағанын атап өтті.

«Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, елімізде жол-көлік оқиғалары мен адам өлімі азаймай отыр. Көп нәрсе жол ережесін жиі бұзатын көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерге, сондай-ақ жол инфрақұрылымының жағдайына байланысты. Айта кететін жәйт, жазатайым жағдайлардың басым бөлігінің алдын алуға болатын еді. Мысалы, адамдар негізінен жаяу жүргіншілер инфрақұрылымының, жарық пен тротуарлардың жоқтығынан ажал құшады», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Премьер-министр өңір әкімдіктеріне азаматтардан үнемі шағым түсетін жолдардың қауіпті учаскелеріне қатысты мәселелерді жедел шешуді тапсырды. Бұл ретте заңнамалық қатаң шаралардың қабылданғанына қарамастан, жыл өткен сайын көлік жүргізу және жолды кесіп өту мәдениеті төмен күйінде қалып отыр. Жауапқа тартылған жүргізушілердің саны артуда, алайда жағдайдың түзелгені байқалмайды.

Премьер-министр жолаушылар тасымалын бақылау бойынша да тиімді тетік жоқ назар аударды. Сонымен қатар қала ішіндегі және қалааралық бағыттардың бәріне қатысты. Өңірлерде жолға шыққан балаларды арнайы көлікпен алып жүру ережесі сақталмайды.

Олжас Бектенов бірнеше бағыт бойынша бірқатар тапсырма берді. Жол инфрақұрылымын дамыту бойынша Көлік министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, автомобиль жолдарын салу, күрделі жөндеу және күтіп ұстау кезінде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын күшейтуді тапсырылды. Сондай-ақ Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, құрылыс және жөндеу жұмыстары барысында стандарттардың қатаң сақталуына бақылауды қамтамасыз ету қажет. Премьер-министр барлық қауіпті жол учаскелеріне тексеру жүргізіп, шаралар қолдану қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар өңір әкімдіктеріне күре жолдардың маңында мал жаю мәселесі бойынша төрт түлік иелерімен түсіндіру жұмыстарын қамтамасыз ету тапсырылды.

Цифрландыру министрлігіне жолдарды мобилді байланыспен қамту қарқынын жеделдету тапсырылды. Бірқатар автожолда мобилді байланыс нашар, соның салдарынан жол апаттары кезінде зардап шеккендер көмек қызметтерін шақыра алмайды.

Басым шаралар қатарында жол ережесін бұзу фактілерін тіркейтін камералар мен республикалық маңызы бар жолдарда аппараттық-бағдарламалық кешендер санын арттыру, пилотсыз ұшу аппараттарын белсенді пайдалану, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер тарапынан ЖҚЕ бұзғаны үшін жауапкершілікті қатаңдату көрсетілген.

Премьер-министр Мемлекет басшысының электр мопедтері мен самокаттарды пайдалану барысына бақылауды күшейту қажеттігі жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Ішкі істер министрлігіне заңнамаға тиісті түзетулер енгізуді жылдамдатуды тапсырды.

Сондай-ақ Үкімет ішкі істер министрлігі тарапынан айтылған ұсыныстарды қолдады.

«Президент заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік және жазаның бұлтартпас қағидатын сақтау міндетін қойды. Осы бағытта, әсіресе, жол апаттарының деңгейін төмендету бойынша нақты шаралар қабылдау қажет. Ішкі істер министрлігі тарапынан айтылған ұсыныстарды қолдаймыз. Оларды іске асыруға барлық мемлекеттік органдар мен жұртшылық өкілдері тартылуы тиіс», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Премьер-министр жалпы күре жолда адам өмірі мен денсаулығын сақтау әрбір мемлекеттік органның және әкімдіктің жұмысындағы басым бағыт болып қала беретінін атап өтті.

Сондай-ақ Үкімет отырысында жылыту маусымының басталуына қатысты мәселесі жеке қаралды. Олжас Бектенов бірқатар өңірде жұмыстар кешігіп жатқанын атап өтті. Осыған байланысты Премьер-министр Ақмола, Батыс Қазақстан, Абай және Ұлытау өңірлері әкімдеріне жылыту маусымын уақтылы бастау үшін барлық жөндеу іс-шараларының аяқталуын қатаң бақылауға алуды тапсырды.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Астанада БҰҰ-ның геокеңістіктік ақпаратты басқару мәселелері бойынша субөңірлік семинары өтуде

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

АРХЕОЛОГТАР 15 МЫҢ ЖЫЛДЫҚ МАМОНТТЫ ЗЕРТТЕЙДІ

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.