Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
НовостиКультура

Халықаралық сарапшылар балалар әдебиеті тақырыбында талқылау өткізді

ҚР Ұлттық кітапханасында халықаралық сарапшылардың қатысуымен балалар әдебиеті саласындағы инновацияларға арналған «Әлем оқырмандарына арналған балалар әдебиеті» атты халықаралық талқылау ұйымдастырылды. Іс-шараны балалар әдебиеті мен білім беру саласында жұмыс істейтін «Nomad Culture Foundation» қоры кітапханамен бірлесе ұйымдастырды.

Жиынның негізгі мақсаты – балаларға арналған кітаптар мен білім беру технологиялары саласындағы халықаралық сарапшыларды Орталық Азияның баспагерлерімен, авторларымен, иллюстраторларымен және педагогтарымен тәжірибе алмасуға тарту.

Кездесуге сарапшы ретінде Oxford University Press (Ұлыбритания) халықаралық бизнесті дамыту жөніндегі аға менеджері Джузеппе Трапани, сондай-ақ Pickatale (Норвегия) білім беру контенті және баспа стратегиясы жөніндегі директоры Эмили Гилле-Марретт қатысты.

Жиын барысында балалар әдебиетінің заманауи үрдістері, білім беру контентінің жаңа мүмкіндіктері және кросс-мәдени тәжірибе алмасудың маңызы талқыланды.

Ұқсас жаңалықтар

Обеспечение благополучия детей – приоритет государства: в Казахстане треть населения составляют дети

admin_altyalash

Аскар Мамин принял участие в глобальном саммите по изменению климата COP26

admin_altyalash

Наш инфекционный стационар готов развернуть койки до 550

admin_altyalash