Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Региональные новостиНовостиКультура

Шымкентте Қазақстан кітапханалар одағының көшпелі отырысы өтті

Шымкент қаласындағы А. Пушкин атындағы орталықтандырылған кітапханада Қазақстан кітапханалар одағының көшпелі отырысы өтті. Жиын «Қазақстан кітапханалары: кітап оқу мәдениеті, жасанды интеллект және цифрландыру» тақырыбына арналды.

Басқосуда кітапхана қызметін заңнамалық тұрғыдан жетілдіру және өңірлік озық тәжірибелер сөз болды. Сонымен қатар Шымкентті «оқитын қала» ретінде дамыту мәселесі көтерілді.
Қатысушылар әлеуметтік зерттеулерді кітапхана жұмысына енгізу, халықаралық ұйымдармен әріптестік орнату, жас мамандарды кәсіби тұрғыда даярлау жайында пікір алмасты.

Түстен кейін секциялық мәжілістер жалғасты. А. Пушкин атындағы кітапханада құқықтық база, «Оқитын Қазақстан» жобасы және жергілікті қаламгерлер шығармаларын насихаттау жолдары қарастырылды. Арнайы кітапханада көзі нашар көретін азаматтарға қызмет көрсету жайы талқыланды. Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханада жасанды интеллект пен экология тақырыптары да назардан тыс қалмады.

Ұқсас жаңалықтар

73% казахстанцев считают, что страна развивается в правильном направлении – соцопрос

admin_altyalash

Коллектив ТОО «Родина» выражает поддержку проведению республиканского референдума

admin_altyalash

При поддержке Президента в Мангистау решены застарелые проблемы с водой и теплом

admin_altyalash