Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтарРуханият

Бұл ескерткіш – ұлт зиялысына құрмет пен сүйіспеншіліктің белгісі

Құрметті  Қостанай облысының әкімі

Ақсақалов Құмар Іргебайұлы мырза!

Ұлт тарихында ерекше орны бар, Алаш қозғалысының көрнекті өкілі, қоғам қайраткері, жазушы, ақын,  қазақ әдебиетінің классигі Міржақып Дулатовтың 140 жылдық мерейтойына орай Қостанай қаласында еңселі ескерткішінің бой көтеруі – тарихи  және ұлттық рухани маңызы зор оқиға болды.

Біз, Міржақып Дулатовтың ұрпақтары, осындай игілікті іске бастамашы болып, қолдау білдіріп, Міржақып Дулатов есімін ұлықтауға зор үлес қосқаныңыз үшін Сізге  шынайы ризашылығымызды білдіреміз.

Бұл ескерткіш – ұлт зиялысына құрмет пен сүйіспеншіліктің белгісі, ұлттық руханиятты дәріптеудің айқын үлгісі және жас ұрпаққа жол сілтер өнегелі іс деп білеміз.

Сізге зор денсаулық, қызметіңізге өрлеу, ел игілігі жолындағы еңбегіңізге табыс тілейміз.

Құрметпен, М.Дулатовтың ұрпақтары

22.09.2025 ж.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында бірнеше ауыл таратылуы мүмкін

admin_altyalash

Taza Astana жаңа әлеуметтік жобасы іске қосылды

admin_altyalash

Байтұрсыновтың мұражай-үйі Алматының меншігіне қайтарылды

admin_altyalash