Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Региональные новостиЗдоровьеНовости

Кеңірдек бифуркациясының резекциясы сәтті жасалды

Шымкент қалалық онкологиялық орталықта елімізде алғаш рет аса күрделі операция – кеңірдек бифуркациясының резекциясы сәтті жасалды.

Ота 37 жастағы науқасқа жасалып, дәрігерлер оң және сол жақ бронхтарды, кеңірдек бифуркациясын кесіп алып, реконструкциялық әдіспен жаңа бифуркация қалыптастырды.

Бүгін Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының міндетін атқарушы Сәуле Дүйсенбаева орталықта болып, ота жасалған науқастың жағдайымен танысты. Ол науқаспен тілдесіп, медицина қызметкерлеріне жоғары кәсіби еңбектері үшін алғысын білдірді.

Бұл операция Қазақстан онкологиясы тарихында алғаш рет орындалды. Ол жоғары технологиялық әдістерді меңгеруді, командалық үйлесімділікті және дәрігерлердің кәсіби біліктілігін талап етеді.

Жаңа әдісті тәжірибеге енгізу үшін Шымкент онкологиялық орталығы Ресейдің Н.Н. Петров атындағы онкология ұлттық медициналық зерттеу орталығымен әріптестік орнатқан. Жергілікті мамандар тұрақты түрде шетелдік жетекші мамандардың шеберлік сабақтарына қатысып, кәсіби деңгейін арттырып келеді.

Бұл – шымкенттік дәрігерлердің кәсіби өсуі мен заманауи медициналық технологияларды игерудің нақты нәтижесі.

Ұқсас жаңалықтар

Карты «Ата жолы»: этнические казахи со всего мира используют возможность интеграции с исторической родиной

admin_altyalash

«Куда жаловаться, если НПО нарушает закон. Чёткая инструкция»

admin_altyalash

Премьеру спектакля о Наталии Сац показал театр из Казахстана в Москве. Как проходят Дни культуры двух стран?

admin_altyalash