Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтарҚоғам

Маңғыстау өңірі Орталық Азиядағы туризм хабына айналып келеді

Бүгін Ақтауда өтіп жатқан Mangystau International Tourism Forum-ның іскерлік бағдарламасы инвестиция, көлік, медициналық және оқиғалық туризм тақырыптарына арналды. Форум барысында шалғай орналасқан өңірлерге қолжетімділікті арттыру және ішкі әуе қатынасын дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Спикерлердің айтуынша, Маңғыстау өңірі Орталық Азиядағы туризм хабына айналып келеді. Өңірге тартылып жатқан ірі инвестициялық жобалардың қатарында — PANA (8,5 миллион доллар) компаниясының Sandyq этно-мейрамханасы мен Tary этно-кофеханасы бар (ашылуы 2026 жылға жоспарланған). Форум аясында инвесторларға жаңа мүмкіндіктер ұсынылды: 15 жылға дейінгі жеңілдетілген несиелер және 1:3 арақатынасымен бірлесіп қаржыландыру. Сондай-ақ wellness және тұрақты туризм тақырыптары жеке талқыланды.

“Қызмет пен қауіпсіздік” сессиясында қытайлық Zowoyoo Technology компаниясы Қазақстанды ҚХР нарығында дамыту стратегиясын таныстырды. Ал “Туристік Қамқор” жүйесі — отандық туристердің шетелдегі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған шешім ретінде ұсынылды.

Ұлттық статистика бюросы туристер ағынын дәлірек талдау үшін Big Data және мобильді деректерді қолдана отырып, ішкі туризмді бағалау әдістемесі бойынша пилоттық жобаны таныстырды.

Қазақстан MICE-индустрияда да өз позициясын нығайтып келеді. Қазіргі таңда еліміз 87 елге визасыз режим ұсынып отыр, жаңа терминалдар ашылды және 45 конгресс-қонақ үй іске қосылды. 2024 жылы елімізде 14 халықаралық іс-шара өткізіліп, шамамен 14 миллион доллар көлемінде экономикалық пайда әкелді.

Форум түрлі номинациялар бойынша туризм көшбасшыларын марапаттау рәсімімен аяқталды.

Ұқсас жаңалықтар

«Фермерлер тозған техникасын әлі жөндеп жүр». Сенатор утильалымды алып тастауды ұсынды

admin_altyalash

Америка соты 48 жыл түрмеде отырған адамды ақтады

admin_altyalash

Алматы облысында жоғалған азаматтар табылды

admin_altyalash