Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарМәдениет

Кербез әжелер ұлттық нақыштағы киім үлгілерін дәріптеп жүр

Астанада Радио қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған ASYL MURA этнофестивалінде «Ең үздік ұлттық киім» номинациясы бойынша Сарыарқа ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының «Кербез models» тобы жеңімпаз атанды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Модельдер сахнаға ұлттық нақыштағы әсем киімдерімен шығып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Қатысушылардың сәнді жүрісі мен сахналық мәдениеті ерекше әсер қалдырды. Бұл жеңіс сәнқой әжелер ұжымына үлкен шабыт беріп, алдағы шығармашылыққа жаңа серпін сыйлады.

«Kerbez_models» тобына зейнеткер Екатерина Жақияқызы жетекшілік етеді.

Бүгінде сән тобының кербез әжелері ұлттық нақыштағы киім үлгілерін дәріптеп жүр.

Сәнқой әжелеріміз Сарыарқа ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына аптасына 3 рет жиналып, дайындық жұмыстарын жүргізеді. Оларға сән көрсетілімі өнері бойынша хореограф Томирис Байкенова дәріс беріп, әдемі жүріс-тұрысқа үйретуде.

«Kerbez_models» тобына 20 қатысушы қатысады.

Ұқсас жаңалықтар

Псориазды толығымен емдеу мүмкін емес

admin_altyalash

Әлем чемпионатындағы алтын – Руслан Құрбанов 44 елдің ішінен үздік атанды

admin_altyalash

Бюрократиядан қолайлылыққа: цифрландыру мемлекеттік қызметтерді қалай жақсартады

admin_altyalash