Елордалық спортшы Аяжан Сапархан ТМД ойындарының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Әзербайжанның Гянджа қаласында өткен III ТМД елдері ойындарында таеквондодан (WT) жарыстар мәресіне жетті. Байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы жалпы жеті медальға қол жеткізді.
Астана қаласының спортшысы Аяжан Сапархан күміс медаль иегері атанып, ел қоржынына олжа салды.
Жалпы, Қазақстанның таеквондо құрамасы ойындарды 2 алтын, 2 күміс және 3 қола медальмен аяқтады.
Айта кетейік, биылғы жарыста 13 елден 1624 спортшы бақ сынап, барлығы 23 спорт түрі бойынша жүлделер сарапқа салынды.