Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
НовостиЭкономика

«Астана — Орал» бағытында жаңа вагондар қатынай бастады

«Сары-Арқа компани» жекеменшік теміржол тасымалдаушысы вагон паркін жаңартуды жалғастырып, желіге жаңа үш плацкарт вагон шығарды. Тасымалдаушы бұған дейін ерекше қажеттілігі бар жандарға арналған арнайы вагонды іске қосты.

Жаңа вагондар заманауи жабдықтармен ерекшеленеді. Олардың ішінде кондиционерлер, тоңазытқыштар, аинайы пештер, розеткалар мен гаджеттерді қуаттауға арналған USB-ұяшықтар орнатылған. Қауіпсіздік үшін бейнебақылау камералары мен 4G-модемдер қойылған, ал қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында жолаушыларға QR арқылы пікір қалдыру жүйесі енгізілді.

Бүгінде компанияның 23 вагоны бейнебақылау жүйесімен жабдықталған, бұл «Астана – Орал» бағыты бойынша сапарларды қауіпсіз әрі жайлы етеді.

Ұқсас жаңалықтар

Сенатор Бекбол Орынбасаров: АЭС важна для будущего страны

admin_altyalash

Известный журналист предложил закрепить светский характер воспитания и образования на уровне Конституции

admin_altyalash

Ералы Тугжанов ознакомился с ходом работ по сокращению дефицита мест в школах Алматы

admin_altyalash