Бұл – қаламыз үшін аса қажетті әрі көптен күткен нысан. Бүгін облыс әкімімен бірге мұз аренасының құрылысымен өңір спортшылары танысты,-деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысының баспасөз қызметі
Бұқаралық және кәсіби спортты дамыту – басым бағыттардың бірі. Халықаралық стандарттарға сай келетін заманауи спорттық инфрақұрылымды дамытуға ерекше мән беріп отырмыз. Алдағы уақытта 400 метрлік конькимен жүгіру жолы, екі хоккей алаңы және керлингке арналған аймақтары бар көпфункционалды мұз аренасының құрылысы қарастырылған. Одан бөлек 50 метрлік олимпиадалық жүзу бассейні мен спорт залдары орналасатын әмбебап спорт кешені бой көтермек.
Аталған нысандар спортпен айналысу және дайындық өткізу мүмкіндіктерін кеңейтіп қана қоймай, әлемдік деңгейдегі халықаралық жарыстарды өткізуге жол ашады.