Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Региональные новостиНовостиОбщество

Семейде тұңғыш рет қала әкімін халық дауыс беріп, сайлады

Кеше Семейде тұңғыш рет қала әкімін халық дауыс беріп, сайлап тастапты. Пабликтердегі жазбаларға қарасам, семейліктер дауыс беруге белсене қатысыпты. Бұрын «қала мен облыс әкімдерін сайлауға болмайды, рушылдықты қоздырады» деген пікір бар еді ғой. Сол пікірдің күлі көкке ұшқан тәрізді.
Өйткені, облыс орталығы тұрғындары жай дауыс беріп қана қойған жоқ. Олар болашақта қандай қалада тұрғысы келетінін өздері анықтады. Енді сайланған әкім халықтың сенімінен шығуы үшін ауыр жауапкершілікті мойнына артады. Себебі, ол енді облыс әкімінің алдында емес, халықтың алдында есеп береді. Сөйтіп, сайлау алдында берген уәдесінің үдесінен шығуға тырысады.
Ауыл мен аудан әкімдерін сайлау арқылы ауылдық жерлердегі әкімдер корпусының жаңарғанын байқауға болады. Мемлекеттік қызметте бұрын істемеген, әр мәселеге басқаша ойы бар азаматтар көптеп жиналды. Оның үстіне, енді олар саяси карьерасын одан әрі асыруына да мүмкіндік туды. Елімізде мемлекеттік қызметшілердің жаңа формациясы осылай-осылай, біртіндеп жүзеге асатын шығар.

Ұқсас жаңалықтар

Итоги 2024 года: новые горизонты волонтерства в Казахстане

admin_altyalash

Восстановлены нарушенные права предпринимателей

admin_altyalash

В Национальном музее проходит выставка Ерболата Толепбая

admin_altyalash