Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Новости

Президент:Парламенттік реформа – еліміздің алдында тұрған аса маңызды, жауапты жұмыс

Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттік реформа жөніндегі Жұмыс тобының бірінші отырысын өткізді.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Бүгін біз Парламенттік реформа бойынша Жұмыс тобының алғашқы отырысына жиналдық.  Өздеріңіз білесіздер, өткен аптада арнайы Жұмыс тобын құру туралы Өкімге қол қойдым. Парламенттік реформа – еліміздің алдында тұрған аса маңызды, жауапты жұмыс. Жолдауымда бұл мәселе азаматтық секторда, сарапшылар ортасында, сондай-ақ қазіргі Парламентте жан-жақты талқылануы қажет деп нақты айттым.

Бүгін, міне, бірінші отырысымызда Парламенттің, Президент Әкімшілігінің, Үкіметтің және саяси партиялардың өкілдері, заңгерлер, ғалымдар, қоғам қайраткерлері бар. Бәрі де елге танымал азаматтар, түрлі саланың мамандары.

Тағы да қайталап айтқым келеді: Парламенттік реформа – еліміздің, халқымыздың тағдырына тікелей қатысы бар мәселе. Жұмыс тобының әр мүшесі осы тарихи міндетті дұрыс түсініп, белсенді жұмыс істейді деп сенемін», – деді Президент.

Ұқсас жаңалықтар

С 1 сентября объем подушевого финансирования для организаций технического и профессионального образования увеличат в 2 раза

admin_altyalash

Ержан Жиенбаев: «Қазақстанның Халық Кеңесі продолжит выполнение стратегических функций Ассамблеи народа Казахстана и Национального курултая»

admin_altyalash

Достижения Казахстана в борьбе с сердечно-сосудистыми заболеваниями и раком были отмечены в докладе ВОЗ

admin_altyalash