Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтарМәдениетРуханият

«Шоқан зерттеулеріндегі тастағы тарих» атты халықаралық рухани-мәдени кеш өтті

Таңбалы Тас археологиялық кешенінде ұлы ғалым, этнограф, ағартушы Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған «Шоқан зерттеулеріндегі тастағы тарих» атты халықаралық рухани-мәдени кеш өтті.

Іс-шара аясында Шоқан Уәлихановтың зерттеулеріне арналған ғылыми баяндамалар ұсынылып, тақырыпқа байланысты тың деректер талқыланды. Сондай-ақ, далалық ғылыми экскурсия, «Шоқан еңбектері және Таңбалы бейнелері» атты фотокөрме, буддалық-этникалық музыка композициялары, «Шоқан және Таңбалы Тас мұрасы» атты ғылыми-танымдық пікірталас ұйымдастырылды.

Кештің қонақтары қатарында ЮНЕСКО өкілдері, Әзербайжаннан «Гобустан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы, Ресейден «Карелияның петроглифтерін басқару орталығы», Қырғыз Республикасынан «Сулайман-Тоо» ұлттық тарихи-археологиялық музей кешенінің қызметкерлері, сондай-ақ қазақстандық шығыстанушы ғалымдар мен буддатанушылар болды.

Ұқсас жаңалықтар

Ер адам Жигули Дайрабаевтың ұлдары оны құлдықта ұстағанын мәлімдеді

admin_altyalash

«Таза Қазақстан»: елордалық оқушылар құстарға ұя орнатты

admin_altyalash

«Күн сөнгенше біргеміз!»: Стамбұлдағы қазақтар 160 мың доллар көмек жинап берді

admin_altyalash