Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Ғылым-БілімЖаңалықтар

EGMO-2026 қыздарға арналған халықаралық математикалық олимпиада өз мәресіне жетті.

gov.kz

Францияның Бордо қаласында өткен EGMO-2026 қыздарға арналған халықаралық математикалық олимпиада өз мәресіне жетті. Жарысқа 66 елден 247 оқушы қыз қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 3 медаль иеленді:

Күміс медаль – Катунина Юлия, Павлодар қаласындағы дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы;

Күміс медаль – Қайрат Аружан, Алматы қаласындағы С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейінің 11-сынып оқушысы;

Қола медаль Которова Вера, Алматы қаласындағы жаратылыстану-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы.

Құрама команданы жаттықтырған жетекшілер – Антон Васильев пен
Марат Нсанбаев. Жалпы командалық есепте Қазақстан 66 елдің ішінде 20-орынды иеленсе, ресми еуропалық елдер арасында 10-орынға тұрақтады.

Айта кету керек, 2017 жылдан бері Қазақстан ұлттық құрамасы EGMO олимпиадасында 3 алтын, 16 күміс, 17 қола медаль және 4 құрмет грамотасын жеңіп алған.

Ұқсас жаңалықтар

Аймақтағы туристік әлеуеті жоғары нысан болғандықтан, оның жабдықталуы, экспозициясы заманауи талапқа сай болуы керек

admin_altyalash

Заңсыз ойын бизнесі туралы 2024-2026 жылдарға арналған кешенді жоспар қабылданады – Ерлан Қарин

admin_altyalash

«Алматыэлектротранстың» экс-басшысына іздеу жарияланды

admin_altyalash