ТҮРКСОЙ мен түркі бауырларымызға тарту еткен бұл сый – бауырластығымыздың және ортақ мәдениетіміздің көрінісі – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Қазан 18, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

ТҮРКСОЙ мен түркі бауырларымызға тарту еткен бұл сый – бауырластығымыздың және ортақ мәдениетіміздің көрінісі

17.10.2025
0
ТҮРКСОЙ мен түркі бауырларымызға тарту еткен бұл сый – бауырластығымыздың және ортақ мәдениетіміздің көрінісі

Маңғыстау облысының делегациясы ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымына қазақ халқының құнды қазынасы – жеті қанат ағаш үйін сыйлады.

ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының Бас хатшылығында өткен салтанатты іс-шара ТҮРКСОЙ мен түркітілдес елдер арасындағы мәдени ынтымақтастық пен бауырластықты нығайтуға бағытталды.

Іс-шараға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Тілеген Әбішев, Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов, Қазақстан Республикасының Түркиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі Еркебұлан Сәпиев, Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Нұртас Сали, ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев, Түркия Республикасының Мәдениет және туризм вице-министрі доктор Сердар Чам, сондай-ақ АК партиясы төрағасының орынбасары профессор доктор Күршад Зорлу мен Анкара қаласының әкімі Васип Шахин бастаған мәртебелі меймандар қатысты.

ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев өз сөзінде сыйға тартылған ағаш үй бірлік пен ынтымақтықтың нышанына айналатынын атап өтті.

-Ақтау — Түркі дүниесінің мәдениет астанасы мәртебесін үлкен абыроймен алып жүріп, Каспий теңізінің інжу-маржанына, түркі мәдениетінің тоғысқан нүктесіне айналды. Сыйға тартылған бұл ағаш үй – бірлік пен ынтымақтың көне нышанына айналады. Осы орайда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Игілікұлына тарту үшін алғысымызды білдіреміз, – деді Сұлтан Раев.

Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов Ақтаудың түркі әлемінің мәдени астанасы болуы мәртебе мен үлкен жауапкершілік екенін айтты.

– Ағаш үй – ата-бабаларымыздың өмір сүру кеңістігі әрі рухани мәдениетіміздің ажырамас бөлігі. ТҮРКСОЙ мен түркі бауырларымызға тарту еткен бұл сый – бауырластығымыздың және ортақ мәдениетіміздің көрінісі. Ақтаудың түркі әлемінің мәдениет астанасы болу – зор мәртебе әрі жауапкершілік. Осы мәртебе аясында өткен барлық іс-шараларда бауырларымызды қуана қарсы алдық. Баршаңызға шынайы алғысымызды білдіреміз, – деді Әбілқайыр Байпақов.

Салтанатты іс-шара маңғыстаулық өнерпаздардың мерекелік бағдарламасына ұласты.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Құтқару миссиясы: артында тағдыр тұрған көрсеткіштер

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қасиетті Сыр өңірі – астаналар мекені, ұлт руханияты мен мәдениетінің алтын діңгегі

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.