Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыҒылым-БілімЖаңалықтар

Қазіргі заман – ақпараттық технология мен жасанды интеллект дәуірі

АТЫРАУДА «SENIMMEN BIRGE» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СТУДЕНТТЕР ФОРУМЫ ӨТТІ

Ұлы ақын Абайдың 180 жылдық меретойына орай шығыстан басталған мәдени-рухани іс-шара Атырауда қорытындаланды. Х.Досмұхамедов университетінде өткен форумға Қазақстанның 31 жоғары оқу орнынан 112 студент келіп қатысты.

«SENIMMEN BIRGE» республикалық студенттер форумының мақсаты – данышпан Абайдың «Толық адам» іліміндегі «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» қағидаттарын жастарға терең насихаттау, ақынның шығармашылық мұрасын дәріптеу.

«Қазіргі заман – ақпараттық технология мен жасанды интеллект дәуірі. Мұндай кезеңде Абай шығармашылығын бұрынғы таптаурын әдіспен насихаттау жастардың қызығушылығын оятпай, қайта алыстату қаупі бар. Сондықтан Абай мұрасын қазіргі қоғамның сұранысына сай, заманауи технологиялар арқылы жеткізудің маңызы зор деп ойлаймын. Абайдың «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген сөзі – бүгінгі жаһандану заманындағы үлкен ұранға айналуы тиіс. Бұл сөз арқылы ұлттың ұлттық шеңберден шығып, әлемдік деңгейге көтерілуіне жол ашылады. Ұлы Абай – тек қазақ халқының рухани тірегі емес, бүкіл адамзатқа ортақ кемеңгер», – деді абайтанушы ғалым, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Гүлтас Құрманбай.

Іс-шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан, ҚР Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Үнзила Шапақ, Бостон университетінің магистрі Тимур Бектұр қатысып, мазмұнды баяндамалар жасады.

Форум аясында Атырау өңіріне келген жастар аймақтағы тарихи орындар мен рухани кешендерді аралап, батыс аймақтағы ұлттық мәдени-мұралармен танысты.

Ұқсас жаңалықтар

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

admin_altyalash

Корея Президенті Юн Сок Ёль Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

admin_altyalash

Жаңа өндіріс орны өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтып, экспорттық әлеуетін арттыруға серпін бермек

admin_altyalash