Патриотизм ауызбіршілікке бастайды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Қазан 19, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Патриотизм ауызбіршілікке бастайды

19.10.2025
0
Патриотизм ауызбіршілікке бастайды

фото:ашықдереккөз

Қоғамды ұйыстырып, елді біріктіретін басты құндылықтардың бірі – патриотизм. Адам дүниеге дайын патриот болып келмейді, ол сезім уақыт өте қалыптасады. Патриоттық рух – елдің ертеңін арқалайтын жас ұрпаққа сапалы білім мен тәрбие арқылы дарытылатын қасиет. «Патриот болу» түсінігі әркім үшін әрқалай: біреулер үшін ол елге адал қызмет ету болса, енді біреулер үшін туған жер мен тілге деген сүйіспеншілік. Ал бүгінгі бейбіт заманда өсіп келе жатқан жастар патриотизмді қалай қабылдайды? Шынайы патриот деп кімді атай аламыз? Осы және басқа да сұрақтарға жауап алу үшін біз Есімі Қазақстанның «Алтын кітабына» енген, Ақмола облысының Астана қаласындағы N°2 «Дарын» мектеп-лицей-интернатының директоры Рысжан Шамұратовамен сұхбаттасқан едік.

 

– Қазір жаһандану заманында ұлттық құндылықтарды көпке танытып, оны әлем алдына шығаруда патриотизмнің атқарар рөлі ерекше. Бүгінгі күні біз патриотизмді қалай түсініп жүрміз және ол қай салаларда айқын көрінуі мүмкін?

– Я бұрынғы уақытта батырларды бас көтеріп елдің жоғын жоқтаған адамды патриот, Отанын қорғауды, патриотизм деп ойлаушы едік. Қазіргі жаһандану дәуірінде ұлттық құндылықтарды сақтау мен дамыту – әр мемлекеттің басты мақсаты. Әр адамның міндетіндей. Бұл ретте патриотизм ұғымы ерекше мәнге ие. Ол тек елге деген сүйіспеншілік қана емес, сонымен қатар, туған жерін өркендетуге ұмтылу, мәдени мұраны құрметтеу, ұлттық болмысқа адал болу  өзінің ана тілінде сөйлеу арқылы басұаларға үлгі болу сияқты қасиеттерді қамтиды.

Патриотизм қоғамда, әртүрлі салаларда да  айқын көрінеді: Атап айтсақ, білім мен ғылымда елге қажетті маман болуға ұмтылу, ғылыми жаңалықтар арқылы Қазақстанды дамытуға қызмет ету. Мәдениет пен өнер саласында ұлтымыздың дәстүрін, өнерін, тілін насихаттау болса, кәсіпкерлікте  отандық брендтер шығару, жұмыс орындарын ашу. Спортта Халықаралық додаларда ел намысын қорғау. Ақпараттық кеңістік: Қазақтілді контентті дамыту, ұлттық идеяларды тарату арқылы ықпал етушілер деп ойлаймын.

– Қазақ тарихында патриотизм қандай сипатта болды? Тәуелсіздіктен кейін ше?

– Қазақ халқының бүкіл тарихы — елін, жерін қорғау жолындағы ерлікке толы болды. Мысалы, жоңғар шапқыншылығы кезінде қолына қару алып, елін қорғаған Қаракерей Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай сынды батырлар — патриотизмнің жарқын үлгісі болды. Әр қоғамның әр тарихи оқиғалардың осындай кейіпкерлері болды. Кейінірек, патриотизм Алаш арыстарының әрекеттерінде көрініс тапты. Олар білім мен ғылым арқылы халықтың көзін ашуға, бодандықта қалған ұлттың санасын оятуға өркениетке жетелемек болды. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының “Ел — бүгіншіл емес, болашақшыл болу керек” деген сөзінде нағыз отансүйгіштік жатыр.

Тәуелсіздіктен кейін, патриотизм жаңаша сипатқа ие бола бастады . Тарихи сананы жаңғыртуға, рухани құндылықтарға қайта оралуға, ұлттық мүдде жолындағы еңбек ету — осының бәрі жаңа дәуірдің патриотизміне айналды деп ойлаймын

– Патриотизмнің қазіргі заманауи көріністері қандай?

– Қазіргі заманғы патриотизмнің жаңа үлгілерін қазіргі жастар  түрлі жолмен көрсетуде.Оны бірнеше бағыттарға бөліп қарастыруға да болады. Айталық, қазіргінің тілінде Digital-патриотизм деп атауға болады. Мысалы: TikTok, YouTube, Instagram сияқты желілерде қазақ тілінде сапалы контент жасап, оны насихаттап жүрген жастар да бар.Тағы да Экологиялық патриотизм: табиғатты қорғау, экосана қалыптастыруда жастарымыз еріктілер тобын құрып көшеге шығып үлес қосып жатыр. Одан кейін еліміздің білімін халықаралық деңгейге танытып жатқан жастар бар. Мұны интеллектуалдық патриотизм деуге болады. Олимпиада, халықаралық ғылыми жобаларда ел атын таныту, және ұлттық стильді дәріптеуге  этно-дизайн, ұлттық тағамдар немесе ұлттық музыкаға деген қызығушылықтарының артуы, оны дәріптеу жататын шығар. Қазір  оқушылар жастардың осындай контенттары арқылы әлеуметтік желінің қолданушылары  болып табылалы

– Білім беру жүйесінде патриоттық тәрбие қалай көрініс тауып жатыр?

– Қазіргі білім беру саласында әрбір пәнде құндылыққа бағыттау, патриотизмді насихаттау  орын алып отырады. Осы орайда Қазақстан мектептері мен ЖОО-ларында патриоттық тәрбиеге ерекше көңіл бөлінуде. Мектептегі патриотизмге баулу Қазақстан тарихын терең оқида, “Өлкетану”, “Абайтану”, “Қазақ халқының салт-дәстүрлері” сияқты  вариативті  сабақтар арқылы да ұлттық болмысқа баулынады. Мектептерде түрлі практикалық жобалар, жергілікті өлке тарихымен танысу, қазақ батырлары туралы көрмелер мен ашық сабақтардың да орны ерекше.“Жас сарбаз”, “Жас ұлан” ұйымдары, АӘД пәні балаларға отансүйгіштікке  тәрбиелеудің баспалдақтары. Бұл мектеп партасында отырған ел болашағы саналатын жас буынның санасына ұлттық рухты сіңірудің тиімді жолы болып табылады. Қазіргі уақытта мектепте жүзеге асырылып жатқан Еліміздегі ауқымды  “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы.

  • Әңгімеңізге рақмет!

 

Арман БЕЙБІТҰЛЫ

altyalash.kz

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Өңірлер экономикалық өсімнің өзегіне айналды  

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қазіргі заман – ақпараттық технология мен жасанды интеллект дәуірі

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.