Жастарды айыптай беру суицидке итермелейді – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Бейсенбі, Қазан 23, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Жастарды айыптай беру суицидке итермелейді

22.10.2025
0
Жастарды айыптай беру суицидке итермелейді

фото:ашықдереккөз

Психолог: Жастарды айыптай беру суицидке итермелейді

 Бүгінде психикалық денсаулық мәселесі туралы ашық айтылып жүргенімен, әлі де сананың саулығын басты орынға қоятындай мәдениет қалыптасып үлгерген жоқ. Көп адам өз сезімін жасырып, көмек сұрауға ұялады. Ал мұндай үнсіздік кейде ауыр салдарға әкелуі мүмкін. Мамандар адамның күйзелісін, қорқынышын немесе шаршағанын дер кезінде байқап, дұрыс бағыт беру ең тиімді алдын алу тәсілі дейді. Психолог Амангелді Мейрамбекұлы бізге берген сұқбатында психикалық саулықты тек жеке адамның емес, тұтас қоғамның жауапкершілігі ретінде қабылдауды ұсынды.

 

– Қоғамда психикалық денсаулыққа қатысты стигманы (ұялу, жасырыну, теріс көзқарас) азайту үшін қандай қадамдар қажет деп есептейсіз?

– Ұялу, жасырыну т.б стигмалар көбінесе жазадан қорыққанан болады. Яғни, “қателессем мені біреу айыптайды, сөгеді, критикалайды” деп қорқады. Сондықтан адам өзін барынша көрсетпеуге, жасырынуға, пікір білдірмеуге тырысады. Өзіне деген бағасы төмендейді. Бұл мәселені шешу үшін адамдар толерантты бола білу керек. Толерантты болу дегеніміз – әр адамның қателесуін мақұлдау емес, керісінше қателесуіне мүмкіндік беру. Қателесу адамға тәжірибе береді. Оған түсінікпен қарап, қолдай білу. Әр тұлғаға жасы-кәрісіне қарамай, құрметпен қарау. Сол кезде ғана адам өседі. Әр адам түрлі психикалық характермен туады, біреу әлсіз, біреуі мықты. Біреуге үлкен критика әсер етпеуі мүмкін, ал, біреуге жай ғана критика үлкен соққы болып тиеді.

– Критика демекші, қоғам сыны адамның психикалық саулығына қалай әсер етеді деп ойлайсыз?

– Қалай дегенмен, қоғам сынынан адам өмір бойы құтыла алмайды, бұл – оның өмір жолында қате жолға кетіп қалмауын реттеп отыратын табиғи заңдылық. Критика адамды тығырыққа тіремейді, керісінше оны дамытады. Сондықтан психиканың саулығын ойлаймыз десек, сын айтушы да, сын естуші де осы айтқанды ескеріп жүруі керек.

– Сіздің тәжірибеңізде суицидтік ойдан айнып, өмірге қайта оралған адамдар болды ма? Оларға не көмектесті?

– Өте жақсы сұрақ. Мұндай жағдай менің тәжірибемде көп болды. Әсіресе, университет психологы болып қызмет атқарғанымда. Өзіне қол салып, аман қалған студенттермен жұмыс жасағанмын. Өкініштісі, сондай жағдайға түскен студенттерді “симуляция, манипуляция жасап жатыр” деп айыптайтын. Ал, шын мәнінде жастардың мәселесі тым басқа, оларға жөнсіз айыптаудан гөрі, үлкен психологиялық көмек қажет. Бір, кейсті айтып берейін. Бірінші курс студенті, 18 жасар (А) ханым қол салып, аман қалған. Ата-анасының айтуынша (А) сабақ оқығысы келмейді, өтірік айтып, өзіне қол саламын деп қорқытып, манипуляция жасағысы келеді екен. Сосын (А) менің қабылдауыма келді. Студентпен сөйлесе келе әңгіме мүлде басқаша екенін аңғардым. Қыз ешқандай да сабақ оқудан қашпаған. Бар болғаны, оның қазіргі кезде әлсіздігі, жалқаулығы, түсініксіз ойлары маза бермейді. Бұрын мектепте активист болған, ал қазір сабаққа барып келудің өзі мұң. Анықтай келе, студент кішкентайынан қалқанша безінде проблемасы бар екен. Ал, қалқанша без өздеріңіз білесіздер, адамның көңіл-күйі мен ойына маза бермейді. Одан бөлек, 3 ай бұрын соқырішекке ота жасатқан. Алған анестезияның әсері толық кетпеген. Ал, анестезияның ми жүйесіне, денсаулыққа қалай әсер ететінін өздеріңіз білесіздер. Бас айналу, әлсіздік, құбылмалы көңіл, зейіннің бұзылу т.б. Мұндай кезде адам сабақ оқымақ түгілі, қара басын алып жүруі неғайбыл.

Мәселе анықталған соң, студенттің ата-анасының үйіне барып, мән-жайды түсіндірдім. Бармасқа амал жоқ, себебі, студент өзінің бойындағы түсініксіз құбылыстарды ата-анасына айтқаннан еш нәтиже көрмеген. Ал, ата-ана баласының шағымынан мезі болған, “ол өтірік ауырады” деп айыптап отыр. Мен өз талабымда нық тұрдым да студентті емдету керектігіне көндірдім. Олар келісіп, студентті академиялық демалысқа алып кетті. Арада 7 ай өтті. Қабылдауыма бір студент келді. Бірден танымадым. Сөйтсем, (А) ханым екен. Бойы тік, көз жанары нұрлы, аяғында нық тұр. Маған қарап, “ағай, мені таныдыңыз ба, 7 ай бұрын сіз мені қабылдап едіңіз ғой. Қазір менде бәрі жақсы, сіздің арқаңызда емделдім. Бұрынғы қалпыма келдім, ойым да көңілім де орынына келді. Енді оқуымды қайтадан жалғастыруға келдім” дейді. Міне, осындай сауатты жұмыс жүргізгенде ғана нәтиже жақсы болары анық. Ал, жастарды бұзылған деп жөнсіз айыптай бергеннен еш нәтиже шықпайды, керісінше суицидке итермелейміз.

– Әңгімеңізге рақмет!

 

altyalash.kz

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Бәсеке заманында біліктілігі жоғары маман озады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Еліміздегі білім беру жүйесінің дамуы: жетістіктері мен болашағы

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.