Агросектор «ақылды» кезеңге қадам басты – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Қазан 25, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Экономика

Агросектор «ақылды» кезеңге қадам басты

23.10.2025
0
Агросектор «ақылды» кезеңге қадам басты

фото:ашықдереккөз

 Бүгінде ел бойынша 300-ден астам шаруашылық заманауи “ақылды ферма” элементтерін қолданысқа енгізіп үлгерген. Астанада өткен KazAgro/KazFarm-2025 ауыл шаруашылығы көрмесінде ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы осындай мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, Қазақстан агросекторды цифрландыру мен жасанды интеллект технологиялары арқылы жаңа деңгейге көтеріп келеді. Мұндай тәсіл шаруашылықтың тиімділігі мен табыстылығын арттырып, ауыл шаруашылығында жаңа мәдениет қалыптастыруда.

Бұған дейін Президент ауыл шаруашылығын цифрландыруды жеделдету қажеттігін ерекше атап өткен еді. Бүгінде бұл бағыттағы жұмыстар нақты нәтижесін беріп отыр: биылғы жарты жылдық қорытындысы бойынша салада 3,7 пайыздық өсім тіркелген. Оған саланы қаржыландыруғады ауқымды өзгерістер де әсерін тигізбей қойған жоқ. Мысалы, «Ауыл» партиясы Алматы қаласы филиалының төрағасы Ахметбек Қоңырбаевтың айтуынша, Үкімет 2026 жылдан бастап субсидия көлемін қысқартып, оның орнына жылдық 5 пайыздық жеңілдетілген несие беру жүйесін енгізуді жоспарлап отыр. Бұл агросекторда жаңа қаржылық тәртіп қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам екені айтпаса да түсінікті.

– Өз басым бұл шешімді толық қолдаймын. Себебі бүгінде субсидия жүйесінің тиімділігіне қатысты сын аз емес: кейде қаржы фермерлерге толық жетпейді, кейде жалған мәлімет беріліп, қаражаттың мақсатсыз жұмсалуы байқалады. Ал жеңілдетілген несие шаруаларға нақты жауапкершілік пен еркіндік береді. Яғни, кім еңбек етсе, соның еңбегі мен нәтижесі арасындағы байланыс айқынырақ болады. Мұндай тәсіл адал еңбек етіп, өнімділігін арттырғысы келетін шаруалар үшін жаңа мүмкіндік ашпақ, – дейді Ахметбек Байрозұлы.

Ендігі міндет осы тетіктің нақты әрі ашық іске асуын қамтамасыз ету екенін айтқан ол ауыл шаруашылығы саласында инвестиция көлемін арттырудың амалдарына да тоқталып өтті.

– Әрине, бұл өте өзекті мәселе, себебі кез келген инвестицияның түпкі мақсаты – пайда табу. Сол үшін ауыл шаруашылығында өнім өндірумен қатар, оны сату мен өңдеуге де нақты мүмкіндік болуы қажет. Әр өңірдің табиғи және климаттық ерекшеліктерін ескере отырып, сол аймаққа тән дақылдарды өсіріп, одан алынған өнімді өңдейтін зауыттар салуға жағдай жасалуы керек, – деді филиал төрағасы.

Ахметбек Қоңырбаевтың айтуынша, бұл бағытта мемлекет бизнес өкілдеріне нақты қолдау көрсетіп, жеңілдетілген несие, салықтық жеңілдік немесе инфрақұрылымдық көмек түрінде қолдау тетіктерін күшейтуі тиіс. Өкінішке қарай, қазір мұндай бастамаларға өңірлік деңгейде қолдау аз, ал бұл ауыл кәсіпкерлерінің белсенділігін төмендетіп отыр.

– Сонымен қатар, елімізде өндірілген өнімдерді сыртқы нарыққа шығару ісін де жеңілдету маңызды. Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан экспортқа рұқсат алу және құжат рәсімдеу үдерісін оңтайландыру қажет. Егер осы бағыттағы кедергілер азайса, отандық өнімнің шетелге шығуы артып, ауыл экономикасы мен инвестор сенімі қатар нығая түсер еді, – деді Ахметбек Қоңырбаев.

Демек, салада «ақылды» шаруашылықтардың артқаны соңғы кезде қабылданып әрі біршамасы жүзеге асырылып та үлгерген соны шешімдердің нәтижесі. Алдағы уақытта агроөнеркәсіп экономиканың алғышебінен көрінсін десек, қаржы көзін тартудың түрлі тетіктерін тиімді жүзеге асыра білгеніміз абзал.

 

Байкен МЫРЗАЛЫ

altyalash.kz

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Қазақ даласының әр пұшпағы – бір-бір тарих

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«Заң мен тәртіп»: ШҚО жастары жауапкершілік пен әділеттілік жолын таңдайды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.